«Сот кабинеті» және «Digital agent» электронды ақпараттық жүйесі.

«Сот кабинеті» және «Digital agent» электронды ақпараттық жүйесі.

Қазіргі заман бұл электронды технологияның дамыған кезеңі. Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану- сот әділдігінің тиімділігі мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Әр азаматтың бұрынғы кезде сотқа құжаттарды жинау үшін бірталай мекемелерді аралап, апталап сандалатын жағдайлары жиі кездескен. Қазіргі таңда ол сенгісіз нәрсе болып отыр, өйткені бүгінгі күні азаматтардың көпшілігі «Сот кабинетін» қолданып отыр.

Дереу сотқа талап арыз бергіңіз келсе, осы сервисті қолдануға әбден болады.

«Сот кабинеті» - бұл электрондық ақпараттық сервис, ол сот органдарының онлайн сервисіне қолжетімді бірыңғай терезе болып саналатынын, сот ісін жүргізуді жеңілдету және азаматтар үшін сот жүйесінің  қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылған. Осы сервистің ерекшелігі азамат, оның адвокат тұлғасындағы өкілі немесе заңгер кез- келген ыңғайлы уақытта, үйінен немесе кеңседен шықпай- ақ ,интернет желісі арқылы сот құжатын, сондай-ақ істегі мәртебесін көре алады және сот актісін басып шығарып алуға мүмкіншілігі бар.

Әрбір сотқа жүгінген азамат «Сот кабинеті» арқылы арыз беру үшін «Халыққа қызмет көрсету орталығында» электронды цифрлы қолтаңба алуы қажет. Сот кабинеті сервисі арқылы заңды тұлғалардың мемлекеттік баж төлеу мәселесі шешімін тапты, жеке тұлғаның төлем карточкасы арқылы бажды төлеу, сондай-ақ, төлем құжатының сканерден өткен көшірмесін беру мүмкіндігі бар. «Сот кабинеті» және «Сот құжаттарымен танысу» электронды сервистері Жоғарғы Соттың ресми сайтында іске қосылған. Аталған қызметтерді электронды цифрлы қолтаңбасы бар азамат тұтына алады. Қазіргі кезде «Сот кабинеті» сервисі арқылы түсетін талап арыздар 100 пайыз электронды түрде түседі.

«Сот кабинеті» сервисі біртіндеп қағаз құжат айналымынан бас тартуға, ол өз кезегінде соттарда электрондық сот ісін жүргізудің жаңа сатысына көшуге мүмкіндік берді. Жоғарғы Соттың және жергілікті соттардың сайтында «Сот құжаттарымен танысу» сервисі іске қосылған. Аталған сервис сот өндірісінің жеделдігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сайтындағы электронды сот құжаттарымен танысуға мүмкіндік береді.

Сотқа жүгінген азамат талап арызы тіркелгені туралы талон алады, бірнеше күннен кейін оның ұялы телефонына оның арызы бойынша сот құжаты шыққаны туралы хабарлама келеді. Бұл ретте азаматтар сот құжатын алуға сотқа барып уақытын кетіріп, әуреге түспейді.

«Сот кабинетінің мобильдік нұсқасы» бүгінгі күні тамаша нәтижесін беріп отыр. Қосымша жеке және заңды тұлғаларға қолжетімді. Пайдаланушыларды мобильдік қосымшада тіркеу сервисінің веб- нұсқасына қарағанда артықшылықтары бар. Пайдаланушыны тіркеу үдерісі үшін «Сот кабинеті» сервистерін қолдануға пайдаланушысы келісіміне алдын ала қол қойып, пайдаланушының ЖСН және  ұялы телефон нөмірін көрсетуі жеткілікті.

Пайдаланушы көрсеткен ұялы телефон нөміріне СМС– хабарлама арқылы қосымшада автор үшін құпия сөз келеді. Жаңадан енгізілген  аталмыш қызмет түрлері мүдделі тұлғаларға істің қаралу мерзімдерін  бақылап отыруға пайдасын тигізіп отыр.

Жетістіктермен шектеле қоймай, облыстың және аудандық Халыққа қызмет көрсету орталықтарында «Сот кабинеті» бұрыштары ашылды. Азаматтар немесе олардың өкілдерінде қол жетімділік болмаған жағдайларда, Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы мамандар арқылы сотқа беруге мүмкіндігі бар. Бұл жағдайда тұлға сот кеңсесінің мамандарымен қатынаспай, өзіне қажетті іс- әрекеттерді жасайды.

Халыққа тағы да айта кетерлік жайт, ғаламторды еркін меңгере алатын азаматтарға, «Сот кабинеті» сервисін түсінудің еш қиындығы жоқ, бұл сервис әлдеқайда уақытыңызды үнемдеп, тез арада жұмыстарыңызды бітіруге көмегін тигізеді. Ол бұл күні сот жүйесіндегі үлкен жетістіктердің бірі болып саналады.

Қорыта келгенде, «сот кабинеті» қызметі бүгінгі күннің талабына жауап беріп қана қоймай, карантиндік режим кезінде өтініш берушілердің және сот қызметкерлерінің денсаулықтарына қауіп төндірмей, жұмыс жасаудың бірден- бір тиімді қызметі болып табылады.

Сонымен қатар, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер агенттігімен «Digital agent» (Цифрлық агент) мобильді қосымшасы іске қосылған. Аталған мобильды қосымшаның ерекшелігі қызмет алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын шынайы уақыт режимінде бағалай алады. Ол үшін «Play Market» және «App Store» сервистік бағдарламалары арқылы мобильді қосымшаны жүктеп, орнатылғаннан кейін тіркеуден өту қажет. Содан соң, бағалайтын қала мен мекемені таңдайды. Бағалау жолданғаннан кейін Агенттіктің тиісті аумақтық бөлімшелерінің жауапты тұлғалары өз құзыреті шегінде әрекет етеді. Бүгінгі таңда қызмет алушылар Халыққа қызмет көрсету орталықтарының, қала және аудандық мемлекеттік кірістер басқармаларының, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаментімен сондай-ақ, қала және аудандық халықты жұмыспен қамту орталықтарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалай алады. Енді әрбір азамат көрсетілген мемлекеттік қызмет бойынша кері байланыс бере отырып, мәселесін шеше алады.

Д.Т.Жиешова

БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының жетекші маманы                                                                             

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 26

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.