Күзгі әскерге шақыруды ұйымдастыру мен өткізу

Күзгі әскерге шақыруды ұйымдастыру мен өткізу

Осы жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 12 ақпандағы №266 Жарлығына сәйкес азаматтарды күзгі әскерге шақыру басталды.

Жергілікті атқарушы органдар құрған медициналық және әскерге шақыру комиссиялары өз жұмыстарына кірісті.

Қыркүйектен желтоқсанға дейінгі аралықта Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар қатарына он жеті мыңнан астам, он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі, ер азаматты әскерге шақыру жоспарланып отыр.

Әскерге шақыру және белгіленген мерзімді өткерген мерзімді қызмет әскери қызметшілерін запасқа шығару кезінде қолданыстағы заң басшылыққа алынады.

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңның 27 бабы 3 тармағына сәйкес азаматтарды әскерге шақыруды жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.

Бұдан бұрын да айтылып жүргендей, Қазақстан Қарулы Күштерінде коронавирус инфекциясының алдын алу және оның таралуына жол бермеу шаралары жүзеге асырылуда.

Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша әскерге шақыру және жиын пункттерінде, Қарулы Күштердің әскери бөлімдерінде санитариялық-эпидемиологиялық шаралар күшейтілді, оның нәтижесінде әскери ортада коронавирустың жаппай таралуына жол берілген жоқ.

Көктемгі әскерге шақырумен салыстырғанда әскерге шақырылушыларға ПТР зерттеуі екі рет жүргізілетін болады: бірінші әскерге шақыру кезінде жиын пункттерінде, екінші жас буын әскери бөлімдерге келген кезде.

Әскерге шақыру және жиын пункттерінде әскерге шақырылушылар және медициналық комиссия мүшелері медициналық бетперделермен және бактерияға қарсы құралдармен қамтамасыз етіледі, күн сайын кемінде екі рет барлық қызметтік және қосалқы үй-жайларды дезинфекциялау жүргізіледі.

Қолданылып жүрген тәжірибені ескере отырып, әскерге шақырылушыларды хабардар ету, оларды медициналық қарап тексеруден өткізу, сонымен қатар олардың жиын пункттерінде болулары кезінде қорғаныс істері жөніндегі департаменттер, басқармалар мен бөлімдер қызметкерлерінің іс-қимыл жасау алгоритмдері бір ізге қойылды.

Әскерге шақырылушыларда респираторлы ауруларға тән белгілер анықталған кезде әрекет ету әдісі жеке қарастырылған.

Медициналық қарап тексерудің өзі екі метр арақашықтықты сақтай отырып, жүргізілетін болады. Біздің қызметкерлерімізге осы талаптың сақталуын бақылау және дәрігерлердің қабылдауына кезек күтіп қалуды болдырмау жүктелді.

Инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша қабылданған шаралардың тиімді болуы осы жылдың көктемі мен жазында әскерге шақырылған жастардың және олардың ата-аналарының пандемияға байланысты қойылған шектеулерге түсініп қарауының арқасында екенін айта кеткен жөн.

Конституцияның 36 бабына сәйкес Қазақстан Республикасын қорғау - оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.

Бұл ретте мерзімді әскери қызмет өткеру әрбір азаматтың міндеті болып, қолға қару ұстау, әскери техника жүргізу дағдысын меңгертіп қана қоймайды, ол алдағы уақытта «әлеуметтік саты» ролін атқара отырып, әлеуетті құрылымдарға түсуге жол ашады.

Әскери қызмет – ол біздің мемлекетіміздің ұлттық егемендігін сақтауға негіз болатынын сезіну маңызды, ал жастарды тәрбиелеу және оларды Отанын қорғауға дайындау тек мемлекеттің ғана емес ең алдымен барлық қоғамның маңызды міндеті болып табылады.

Біздің қоғам әскери қызмет өткеру адамның өзіне ғана емес, қоғам үшін, ел үшін маңызды екенін түсініп келеді, оның ішінде әрбір әскерге шақырылушы Отанын қорғау - ол өз үйін қорғау екенін білуі тиіс.

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңның 37 бабының 6 тармағына сәйкес техникалық, кәсіби, жоғары білімі бар және алты ай қызмет өткерген мерзімді қызмет әскери қызметшісі келісімшарт бойынша әскери қызметке түсе алады және сонымен қатар өзінің жұмысқа орналасу мәселесін де шешеді.

Алдағы уақытта азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жаңартылған форматта жүргізу жоспарлануда, ол кері байланысты көздейді. Өйткені әскерге шақырылушылар, олардың ата-аналары, журналистер, қоғамдық өкілдер қажетті ақпарат және сұрақтарына жауап алу үшін хабарласа алады. Ол үшін қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде электрондық пошта мен ресми аккаунттар ашылды.

Осы жылдағы жаңалық – ол мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтың жұмыс орнының сақталып тұруы. Оған Қорғаныс министрлігі бастама танытып отыр.

Мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру қолданыстағы заңға сәйкес әскерге шақыру комиссиясының шешімі бойынша беріледі, комиссияның төрағасы – әкімнің орынбасары болып табылады.

Әскерге шақыруды кейінге қалдыру отбасы және денсаулық жағдайлары бойынша, білім алуды жалғастыру үшін және басқа да себептер бойынша беріледі.

Бұл ретте көктемгі әскерге шақырудан бастап әскерге шақыруды кейінге қалдыру  барлық жұмыс істеу кезеңінде кәсіби қызметін жүзеге асырып жүрген педагогтарға, құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында бастапқы кәсіби даярлықтан өтіп жатқан тұлғаларға  әскерге шақыруды кейінге қалдыру беріледі.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру департаментінің бастығы полковник Жүсіпов Сакен Сауытбайұлы.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.