Заңнамадағы өзгерістер – заман талабы

Заңнамадағы өзгерістер – заман талабы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға 10-маусымда қол қойған болатын. Бұл Заң соттардың жұмысын жақсартуға, елдің сот жүйесіне деген сенімін арттыруға, судьялардың қазіргі кездегі артық істермен айналысып жатқан жүктемесінің азаюына, күрделі істермен сапалы, кәсіби және тыңғылықты айналысуына және электронды сот процесін енгізуге мол мүмкіндік туғызады. Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар процесті ішкі жағынан оңтайландыру, судьяның дауды толық шешуіне құқықтар мен мүмкіндіктер беру және тараптардың іс жүргізу шығындарының азайтуын көздейді. Бұл өте маңызды түзетулер деп санаймын. Себебі, судья рөліне қатысты негізгі тәсілдер қайтадан қаралып, бүгінгі күн талабына сай жаңартылды. Атап айтқанда, кеңес беру бөлмесі, сот отырысының хаттамалары, гаджеттерді процесте қолдану және т.б. консервативті құқықтық тәсілдерге маңыз берілді. Жаңа заң аясында судья процеске қатысушы тараптармен неғұрлым белсенді қарым-қатынас жасай алуы, дәлелдемелер іздеуі және тексеруі, даудың реттелуін қамтамасыз етуі керек. Судьяға істің мән-жайларында өзінің заңды ұстанымын білдіру, тараптардың уәждерін дәлелдеуді, қажет болған жағдайда дәлелдемелерді талап ету және т.б. құқығын береді.

         Заңның тағы бір жаңалығы - дауларды соттан тыс шешу болып табылады. Бұл дегеніміз, 2020 жылғы 10 маусымдағы № 342-VI ҚРЗ «Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында татуласу рәсімдерін қолдана отырып дауды реттеу туралы өтінішхат, егер осы Кодексте немесе заңда өзгеше көзделмесе, талап қою ісін жүргізудің кез келген ісі бойынша мәлімделуі мүмкін. Татуласу рәсімдері жүргізілген кезде талап қою арызын қабылдау талап қою арызы түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Татуласу рәсімдерін жүргізу нәтижелері туралы сот ұйғарымында талап қою арызын қабылдау не оны қабылдаудан бас тарту туралы көрсетіледі. Татуласу рәсімдерін, талап қою арызын қабылдаған кезде судья осы Кодекстің 17-тарауында көзделген қағидалар бойынша жүргізеді. Сот (судья) тараптардың татуласуы үшін шаралар қабылдайды, оларға дауды процестің барлық сатысында реттеуде жәрдемдеседі. Татуласу рәсімдерін қолдана отырып дауды реттеу туралы өтінішхат, егер осы Кодексте немесе заңда өзгеше көзделмесе, талап қою ісін жүргізудің кез келген ісі бойынша мәлімделуі мүмкін

Сонымен қатар, Мұғалжар аудандық сотының сот қызметкерлері арасында «Қазақстан Республикасының Азаматтық-процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын енгізу, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын талқылау мақсатында семинар сабағы өткізілді Іс-шарада қабылданған заңмен істерді толық және уақытылы шешу мақсатында сотқа жүктелген міндеттермен қосымша өкілеттіктер жөнінде, оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібіне енгізілген жаңашылдықтар жөнінде, татуластыру рәсімдерін одан әрі дамытуға бағытталған өзгерістер, сонымен қатар сот талқылауында техникалық байланыс құралдарының қолдану аясы кеңейтілгені талқыланады.

 

А.Т.Анарбаев

Мұғалжар аудандық сотының төрағасы                                         

 

 

 

 

 

     

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.