Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алдын алу құралдары арқылы елдің «жауапты» қаржы саясатын құру
Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің қызметіндегі жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуді бастады.
Талдау бастау алған арнайы кеңесті аша отырып,, Комитет төрағасы Б.Т. Нәжімиденов Комитеттің ағымдағы қызметімен таныстырды. Сондай-ақ жетілдірудің құқықтық, ұйымдастырушылық жолдарын атап өтіп, жемқорлық тәуекелдерін анықтау мен жою мәселелері бойынша бірлескен жемісті ынтымақтастыққа үміт білдірді.
«…қашықтықтан тексеру әдістері енгізілді, бұл мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтарды 38%-дан 2%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берген камералдық бақылау.
Биыл біз электрондық мемлекеттік аудиттің функционалын іске асырамыз. Аталмыш аудит те аудиторлардың нысандармен байланысын барынша азайтады, осылайша жемқорлық тәуекелдерін қысқартады.
Мемлекеттік аудит құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған, соның есебінен аудит нысандарының қаржылық тәртібі арта түседі».
Агенттіктің Превенция департаменті басшысының орынбасары
Т.С. Темірәлиев Комитет басшылығы мен қызметкерлеріне жұмыс тобының құрамын таныстырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу рәсімімен таныстырды.
Сондай-ақ, бүгінгі күннің өзекті мәселелері мен оларды шешу жолдары алдын ала талқыланды.
«…Аудитті жүргізу әдістемесі бойынша сұрақтар бар, оның қорытындысы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау үшін негіздердің бірі болып табылады. Аудитке аса көп уақыт, адами ресурстардың күші жұмсалады. Алайда, кейіннен, әдеттегідей, сот сараптамалары өзге нәтижелер береді…», - деп атап өтті Т. Темірәлиев.
Жалпы талдау барысында нысанның құқықтық қоры мен ұйымдастыру-басқару қызметін егжей-тегжейлі зерделеу жоспарлануда. Ішкі мемлекеттік аудит органдарының бақылау-қадағалау және рұқсат беру функцияларын іске асыру үдерістері тәуекел нысанына алынған. Қорытынды бойынша қызметтің тиімділігін арттыру, бизнес-процестерді трансформациялау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша нақты ұсынымдар енгізіледі.
Талдау жүргізуге жұртшылықтың кеңінен қатысуы оң қабылданады.
Жоғарыда аталған Комитеттің құзыретіне кіретін әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайлар туралы мәліметтерді a.karipova@anticorruption.gov.kz электрондық мекен-жайына жіберулеріңізді сұраймыз.
Бұл ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.
Егер сізге сыбайлас жемқорлық жағдайлары туралы белгілі болса, 24/7 режимінде 1424 call-орталығына хабарласа аласыз.
[xfvalue_img]
19 пікір