Ақжайық ауданының №2 аудандық соты Конституция күнін атап өтті.
Ақжайық ауданының № 2 аудандық сотында Қазақстан Республикасы Конституциясын қабылдау күніне 25-жыл толуына орай іс-шара өтті.
Сот төрағасы Т.С.Гумарова сот ұжымын мерекемен құттықтап, еліміздің Ата Заңы жүздеген жылдар бойы қалыптасқан адамзат баласының жалпы құндылықтарын өз бойына сіңіргенін, Конституция тәуелсіздігіміздің берік тірегіне, табысты дамуымыздың және Қазақстанның халықаралық деңгейдегі биік беделінің кепіліне айналғанын атап өтті.
Сонымен қатар, сот төрағасы БҚО Соттар әкімшісінің Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны және жұмыста елеулі жетістіктерге жеткені үшін Құрмет грамотасымен марапатталған сот мәжілісінің хатшысы Аякөз Масенованы құттықтады.
[xfvalue_img]
15 пікір