Төтенше жағдай кезеңінде істер қашықтықтан қаралуда
БҚО Ювеналды сотында азаматтардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында сот процестеріне «TrueConf» мобильдік қосымшасы арқылы қатысуға шақыра отырып, сот процестерін толығымен онлайн түрде қарауға көшті.
Аталған қосымша еліміздің кез келген нүктесінен сот отырысына смартфон арқылы қатысуға мүмкіндік береді. Бұл үшін «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі арқылы арыз беру жеткілікті және қолда интернетке қосылған смартфон болса болғаны.
Қазіргі таңдағы Батыс Қазақстан облысындағы COVID-19 короновирустың пандемиясының таралуына қарсы шара ретінде, соттарда онлайн түрде қатысу, азаматтардың, судьялар мен сот қызметкерлерінің денсаулықтарын сақтау бойынша дұрыс шешімі болып табылады.
Барлық қылмыстық, әкімшілік, азаматтық істер толығымен онлайн режимде қаралуда. Азаматтардың арыздары мен өтініштері толығымен «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі арқылы берілуде.
Соттардың жұмысына IТ-технологияларды енгізу арқылы төтенше жағдай кезінде қатысушылардың өздеріне және басқаларға қауіп төндірмес үшін процеске қашықтықтан қатысуға мүмкіндік берді.
Батыс Қазақстан облысының
кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соты
[xfvalue_img]