Сот жүйесі қолжетімді
Бүгінгі күні сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, түрлі бағдарламалар мен жобалар жасалуда.
Соның бірі – Электронды бақылау өндірісі. Бұл қызмет – сот отырысына қатысушыларына пароль беру арқылы сот істері бойынша ақпарат алу үшін және іс бойынша барлық сот актілерімен танысуға мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар, жаңадан «Төрелік», «Дыбыс- бейнежазба», «Сот кабинеті» сынды бағдарламалар енгізілгенін атап өтуге болады. Осы қолданылып жүрген сот процестерінің аудио және бейне тіркеуінің жетілдірілген жүйесі шын мәнісінде, сот төрелігі ашықтығымен қамтамасыз етудің ғаламат құралына айналды.
Көп жағдайда бұл қолданысқа енген жайттар – сот процесінің әрбір қатысушысы қазір Сот кабинетіне кіріп, процестің бейне және аудио жазбаларымен таныса алады. Осылайша, сот өндірісінің бүкіл процесі толықтай ашық бола түсуде және бұл жүйені толықтай енгізу қандай да бір процессуалдық заң бұзушылықтарды азайтады. Бұл жүйе процессуалдық нормалар мен сот этикасын мүлтіксіз сақтауды талап етеді. Сот жүйесінің ашықтығы мен жариялығын қамтамасыз ету мақсатында, процеске қатысушылардың істің барлық материалдарымен танысуына, кез келген сот сатысында істі қараудың уақыты мен орны туралы хабардар болуға мүмкіндіктер жасалған. Яғни, сотқа түскен барлық істер бойынша, істің сотқа түскені, қарауға тағайындалғаны, қаралған күні басқа да іске қатысты мәліметтер тараптарға СМС хабарламалар арқылы жолданады.
Сотта жариялылықты заңсыз шектеу жағдайларына жол берілмейді және барлық мүдделі адамдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сот отырысына еркін қатысу мүмкіндігі қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда елде қалыптасқан ахуалға байланысты сот отырыстары қашықтықтан өткізілуде. Бұл ретте әр қалалық және аудандық сотта бейнеконференция режимін орнатуға мүмкіндік беретін Skype, TrueConf, WhatsApp және тағы басқа да бағдарламалар белсенді қолданылып келеді.
Жеке тұлғалар және олардың өкілдері, заңды тұлғалардың өкілдері «Сот кабинетінде» орналастырылған электрондық нысандарды толтыру арқылы электрондық құжаттарды сотқа ұсынуға құқылы. Бұл үшін көрсетілген адамдар «Сот кабинетіне» тіркелуі қажет. «Сот кабинетіне» тіркелген адам электрондық құжаттарды беру сервисінің пайдаланушысы болып табылады.
Анар Ескарина, Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының жетекші маманы
[xfvalue_img]