Орал қаласының №2 сотының судьясы Медиация күніне орай іс-шараға қатысты
Медиация күнін мерекесіне орай БҚО Татуласу орталығында «Біздің әлемді жақсырақ әрі қауіпсіз етейік» ұранымен өткен Ашық есік күніне Орал қаласының №2 сотының татуластырушы-судьясы Алтын Айтуарова қатысты. Іс-шараға сондай-ақ , БҚО ҚХА кәсіби және қоғамдық медиаторларын, БҚО Кәсіпкерлер құқығын қорғау бөлімінің өкілдерінің қатысуымен өтті.
Кездесу барысында қатысушылармен АПК-ке енгізілген жаңа өзгерістер кезеңінде медиацияның артықшылықтары мен ерекшеліктері сөз етілді.
Бұл күні БҚО татуластыру орталығына отбасылық-тұрмыстық жанжалдар, жер даулары, қарызды өндіріп алу, "Өз үйім" тұтыну кооперативімен шарт бұзу дауы бойынша, ауылдастар ұжымының бір отбасымен ұзаққа созылған қақтығысы бойынша жалпы 8 өтініш қаралды.
Атап өту керек, атқарылып отырылған іс-шаралар қазақстандық қоғамдағы бірлік пен келісімді одан әрі нығайтуға бағытталған.
Орал қаласының №2 соты
[xfvalue_img]