"ANTIKOR.LIVE" сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа құралдары

ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Жігер Байділдин "ANTIKOR.LIVE" жобасы аясында өткен тікелей эфирде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың жекелеген ережелерін жетілдіру бойынша бастамалар туралы айтып берді.

Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді жүйесін қалыптастыру бойынша дәйекті қадамдар қабылдануда.

2025 жылға дейінгі Республиканың стратегиялық даму жоспарында Қазақстан үшін 2025 жылға қарай түбегейлі өзгерістердің бірі құқық бұзушылықтарға төзушіліктен – әсіресе сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне мүлдем төзбеушілікке, көшу болатыны көрсетілген.

Құқық қолдану практикасы, құқықтық мониторинг нәтижелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың жекелеген ережелерін жетілдіру қажеттігін көрсетіп отыр.

Жігер Байділдин атап өткендей, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен заң жобасы шеңберінде Құқық қорғау органдары қызметкерлері мен судьялардың сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілігін күшейту ұсынылуда.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде (бұдан әрі – ҚК) «ерекше мәртебесі бар лауазымды тұлға – құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органның қызметкері, судья» деген сыбайлас жемқорлық субъектісінің жаңа санатын көздеу ұсынылады.

ҚК-ке «ерекше мәртебесі бар лауазымды тұлға» ұғымын енгізу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыстардың барлық құрамы бойынша саралау белгісі даусыз заңнамалық негіздерді құрайды.

Судьялар Парламент депутаттарымен қатар, саяси мемлекеттік қызметшілер немесе «А» корпусының мемлекеттік қызметшілерімен «жауапты мемлекеттік лауазымдағы тұлға» санатына жатқызылған.

ҚК-тің бірқатар баптарында «жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлғаның әрекет жасауы» деген саралау белгісі бар.

Алайда тәжірибе көрсеткендей, соттардағы сыбайлас жемқорлық көріністері қоғам мен мемлекетке ерекше зиян келтіреді.

Осыған байланысты, сот жүйесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасау үлкен қоғамдық қауіп төндіретінін ескере отырып, судьялар үшін жауапкершілікті күшейту сот жүйесін дамыту саясатының қисынды жалғасы болып табылады.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде сыбайлас жемқорлық қылмыстардың құрамында «ерекше мәртебесі бар лауазымды тұлға» сияқты саралау белгілерін көздеу ұсынылады.

Тікелей эфирді қорытындылай келе ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Жігер Байділдин ұсынылып отырған бастама судьялар мен күш құрылымдары қызметкерлерінің жауапкершілігін, сондай-ақ халықтың сот жүйесіне, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарға деген сенімді арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.