Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселелері
Елімізде гендерлік саясат пен гендерлік теңдікке баса көңіл бөлініп келеді. Гендер қоғамның әлеуметтік ұйымына бағынышты ерлер мен әйелдер қызметінің теңдігін белгілейді. Гендерлік саясат «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» және «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заңдармен реттеліп отырады. Гендер – бұл ерлер мен әйелдердің мінез-құлқын, сондай-ақ олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым-қатынасты айқындайтын, олардың әлеуметтік және мәдени нормалары мен рөлдерінің жиынтығы болып табылады. Сол себептен отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы туралы айтқанда, отағасымен арадағы сыйластығын сақтап, туысқандары мен отбасының мықты тірегі, ескі мен жаңаны байланыстыру міндеті өз бойына тоғыстырып, ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырып отырған көпке үлгі болар аналарды айта кеткеніміз де жөн болар.
Мәселен, Мұғалжар аудандық сотында «Әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау» тақырыбында онлайн форматында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға аудандық мемлекеттік мекемелер өкілдері, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары қатысты. Дөңгелек үстел барысында еліміздегі тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болған әйелдердің құқықтарын қорғау туралы айтылды. Сонымен қатар, әйелдер және ерлер арасындағы мемлекеттік құқықтар мен міндеттерінің тең болу кепілі, тұрмыстық озбырлықтың алдын алу, әйелдерге қатысты кемсіту бойынша сұрақтарды жою және сот төрелігіне әйелдердің колжетімділігін кеңейту жөнінде құқық қолдану практикасы жүзеге асыру және отбасылық қатынас, сондай-ақ аналарды заңды қорғау мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, сот қызметкерлерімен үнемі тұрмыстық зорлық-зомбылық әрекеттері, әйелдерге күш көрсету, неке бұзу және алимент өндіру істері бойынша олардың құқығын қорғау, гендерлік заңнаманың ережелерін жергілікті деңгейде жүзеге асыру мәселелері жөнінде іс-шаралар өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отырады.
Мұғалжар аудандық сотының судьясы Н.Е.Кендирбаева
[xfvalue_img]
16 пікір