Сот кабинетінің тиімділігі жоғары.

Сот кабинетінің тиімділігі жоғары.

Сот кабинеті азаматтарға сот органдарының электрондық сервистеріне бір терезеден қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

«Сот кабинеті» сервисі Қазақстан Республикасы сот органдарына арыздарды, өтініштерді, шағымдар мен өтінішхаттарды, сондай-ақ хаттарды жіберуге арналған. Осы сервис арқылы сот құжаттарын және істерді іздеуге, мемлекеттік бажды онлайн түрде төлеуге, істі қарау барысын қадағалауға, «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызметін ішінара алуға, «Талдау» форумына (сот практикасын қорыту) ауысуға болады.

«Сот кабинетінің» сервистерін пайдалану үшін сот ісіне қатысушы Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталықтың электрондық цифрлық қолтанбасын алып, «Сот кабинетіде» ЭЦҚ қолданумен тіркелу қажет.

Сервис сот ісін жүргізу, өтініш беру, сот органдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу, сот істерін іздеу, талдау форумы бөлімдеріне бөлінген.

Пайдаланушыларды мобильдік қосымшада тіркеу сервисінің Сот кабинеті веб нұсқасына қарағанда артықшылықтары бар. Пайдаланушыны тіркеу үдерісі үшін Сот кабинеті сервистерін қолдануға пайдаланушы келісіміне алдын ала қол қойып пайдаланушының ЖСН және ұялы телефон нөмерін көрсету жеткілікті. Пайдаланушы көрсеткен ұялы телефон нөмеріне смс арқылы қосымшада авторлану үшін құпия сөз келеді.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты интернет-ресурсының «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі сот органдарының азаматтар мен ұйымдарға көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту мен мерзімін қысқарту болғандықтан, осы сервисті пайдалану ыңғайлы.

Сонымен қатар сервисті пайдаланушыларға «көмек» көрсету бағыты енгізілген, сот кабинетімен жұмыс бойынша нұсқаулық, сот кабинетімен жұмыс жөніндегі анықтама, «Сот кабинеті» мобильдік қосымшасының пайдаланушы нұсқаулығы, және «Пайдалы сілтемелері» сервисі ұсынылған, олар: «Әділет» ақпараттық құқықтықжүйесі, сот істерін қарау кестелері, талап арыздардың және басқа да өтініштердің үлгілері, мемлекеттік баж салығын есептеуге арналған калькуляторы бар.

Сот жүйесінде заманауи технологияларды, оның ішінде жоғарыда айтылған функцияларды пайдалану сот ісін жүргізуді жеңілдетеді, төрешілдік кедергілерді қысқартады, сот органы қызметкерлерінің азаматтармен байланысын азайтады. Бұл сыбайлас жемқорлықтың қысқаруына септігін тигізеді, халықтың уақыты мен қаражатын үнемдейді, еліміздің халқы үшін сот жүйесінің максималды ашықтығы мен қолжетімділігіне жетуге мүмкіндік береді.

 

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Кушкенбаева Анара

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.