Жемқорлықты жұмыла күрескенде ғана жеңеміз

Жемқорлықты жұмыла күрескенде ғана жеңеміз

Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінде еліміздің күрделі мәселесі болып отыр. Әлеуметтік дертке айналған жемқорлық саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елді алаңдатуда. Қазақстан тұтастай алғанда, ТМД бойынша жемқорлыққа қарсы неғұрлым мықты дамыған заңнамасы бар ел. Солардың бастысы ретінде «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңдар мен мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін атауға болады.

Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Яғни, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету және басқа осындай қылмыстардың барлығы сыбайлас жемқорлық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.

Мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық жасау тәуекелі жоғары лауазымдар тізбесін айқындау және ондай қызметтерге орналасуға неғұрлым жоғары талап белгілеу тетіктері нақтыланды. Бұл шара мемлекеттік қызметшілер корпусын халық пен мемлекет мүддесін өз мүддесінен жоғары қоятын лайықты азаматтармен жасақтауға мүмкіндік береді. Бұл ретте, осындай лауазымдардағы тұлғаларға қатысты арнаулы тексерулер жүргізіледі. Осындай тексеруден өтпеген тұлғалар мемлекеттік қызметтен босатылады. Мемлекеттік қызметшілер және мемлекеттік қызметте бұрын жұмыс істеген адамдар туралы бірыңғай электронды дерекқор жасау мемлекеттік қызметке үміткерлерді сапалы түрде іріктеп, жоғары лауазымдарға ұсынуға мүмкіндік беріп қана қоймай, іскерлік бет-бейнесіне лайық емес адамдардың қызметке орналасуына да айтарлықтай тосқауыл болады.

Сонымен қатар, аталмыш жегіқұртпен күресті халықтың құқықтық мәдениетін арттыру жұмыстарынсыз елестету мүмкін емес. Өйткені, мемлекет азаматтары өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігін толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді әрі бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында жемқорлық деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі басты мақсат болып отыр.

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі саналады. Ол ұлттық қауіпсіздікке де елеулі қауіп-қатер төндіретінін айта кеткен жөн. Осы себепті де, онымен күресу алдыңғы орынға шығып отыр. Сондай-ақ, мұның жолдары Қазақстан Республикасының заңнамаларымен бекітілген.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ деу оңай. Бізге керегі қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану. Сонда ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

 

А.Әлібекқызы

Жаңақала аудандық соты кеңсесінің бас маманы

Батыс Қазақстан облысы

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.