Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен аяқталған келесі істер бойынша сот үкімдері

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен аяқталған келесі істер бойынша сот үкімдері

  • 19 тұлғаға қатысты барлығы 12 үкім;
  • басшылар – 7, олардың 3-еуі облыстық деңгейде;
  • бас бостандығын шектеу – 5;
  • айыппұл – 14, айыппұлдың жалпы сомасы – 75,6 млн. тг. 
  1. 2020 жылдың 9 шілдесінде Петропавл қалалық сотының үкімімен:

- «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау және лицензиялау басқармасы» ҚММ басшысы Б. Қалабаев 26,6 млн. теңге;

- аталған ҚММ-нің Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің жетекшісі Е. Кенжеболатов 22,7 млн.теңге айыппұлға сотталды.

Жоғарыда аталған тұлғалар мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Олар техникалық қадағалауды жүзеге асыруда әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін пара алу күдігіне ілінген болатын.

Осы үкіммен пара бергені үшін:

- Х.Авхадов 6 млн. теңге;

- «Стадия» ЖШС заңгері Е. Киселев 3,7 млн. теңге айыппұлға сотталды. 

  1. Ақмола облысының Көкшетау қалалық сотының 2020 жылғы 10 шілдедегі үкімімен:

- ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Ақмола облысы бойынша Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің департаменті» РММ басшысы С.Молдағұлов мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырумен 7 млн. теңге;

- азамат Т. Айтпаев 2,4 млн. теңге;

- азамат Ж. Байкенов 1,4 млн. теңге айыппұлға сотталды.

Молдағұлов сыбайластары Айтпаев пен Байкенов арқылы ЖШС директорынан өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында аттестат алумен байланысты мәселені оң шешу үшін алдау арқылы 800 мың теңге сомасында қаражат алды деп күдіктелді. 

  1. 2020 жылдың 16 шілдесінде Атырау қаласының №2 соты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитетінің Атырау облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының жетекшісі Н.Сүгіров сотталып, оған мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырумен 1,2 миллион теңге айыппұл салынды.

Ол лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану арқылы бір ЖШС-нің мүдделеріне айтарлықтай зиян келтіру, сондай-ақ ұлының атына тіркелген жеке кәсіпкерге артықшылықтар бере отырып, оны басқаруға заңсыз қатысу күдігіне ілінген. 

  1. 2020 жылдың 14 шілдесінде Шу аудандық соты Жамбыл облысының Шу ауданы Төлеби ауылдық округінің әкімі Е.Даберовке үкім шығарып, мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырумен 3 жылға бас бостандығын шектеуге соттады.

Ол мердігердің пайдасына орындалған жұмыс актілеріне қол қоюда және «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы аясында бөлінген бюджет қаражатын іс жүзінде аяқталмаған жұмыстар үшін аудару арқылы мемлекетке 5,3 миллион теңге сомасында залал келтіре отырып, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануда күдікті болды.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.