Шаңырақтың шайқалу себептері

Шаңырақтың шайқалу себептері

 

Адам баласы үшін ата-анасының амандығы мен татулығынан артық бақыт, арман, тілек жоқ шығар. Ата-анасының бір жақты болмай, екіге айырылу үрдісі қай жастағы бала болмасын, яғни жасы үлкен болсын, не кіші жастағы бала үшін психологиялық соққы екені белгілі.

«Алдыңғы дөңгелек қалай айналса, кейінгі дөңгелекте солай айналады» демекші, ата-ананың салған жолымен өскелең ұл-қыздың сол жолмен жүрмесіне кім кепіл? «Ұядан не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген мақалға сай, шымылдықтың ар жағына шам-шырақ етіп отырғызғып жұбайымен құрған шаңырақ шайқалып жатса, шаңырақтың уықтары болған балалары сондай жағдайды түйсіктеріне «қалыпты жағдай» деп сіңіріп алады.   

Неке коэффиценті бойынша, Қазақстан БҰҰ кіретін жүз елдің ішінде он алтынышы орында тұр. Қазақстан Иран, Ресей, Албания, Тәжікстан мен Мысыр сияқты елдерден кейін тұрақтаған. Ал ажырасу коэффиценті бойынша жиырма төртінші орында. Еуропа елдерінің ішінде ажырасу коэффиценті ең жоғары Бельгия, Португалия, Венгрия екен. Ислам дінін ұстанатын елдердің ішінде ажырасудан алдыңғы орында Қазақтың екен.

Екі жастың жұптарының жараспаулары әр түрлі себептерге байланған, солардың ішінде көбінесе тараған түрі, ол материалдық жағдай. Отбасылық бақыт материалдық жағдайға байланбау керек, соғыстан кейінгі заманда, яғни ата-әжелеріміздің қайсы бірінде материалдық жағдай керемет болды? Кішкене үйде оншақты ұлар, моншақты қыздар өсіп, бар нәрсеге қанағатшыл болып, шүкіршілітері мен тәубелерін айтып, тату өмір кешкендігі бәрімізге белгілі. Қазіргі кезде де бір отбасы үшін бір үйдің иесі болу- байлық, ал келесі отбасы үшін он пәтердің иесі болу – кедейлік. Байлық пен кедейлік деңгейі адамда қандай болса да, қазағымның әдеті бойынша шүкіршілікті арттыру арқылы отбасылық бақыттың шыңына жету әбден мүмкін.

Ажырасудың себебі ретінде тұрмыстық зорлық-зомбылық және ішімдікке салыну қарастырылған. Қазақтардың тарихта қор болған жері бар шығар, алайда ұялатын жері жоқ. Ақ патшалықтың отарында болып, патшалықтың тұрмысына бейімделеміз деп жүріп, ащы судың дәмін татып, әңгір таяқты әйелдерінің бастарына билеткен әкелерімізді, қайран аналарымыз шыдап келді. Оны көздерімен көріп, құлақтарымен естіп өскен балғын балалар, қазіргі таңда бір үйдің отағасы мен отанасы болып отыр. Сол себепті, ата-бабамыздың осал болған жолын баспай, ішімдіктің жолымен емес, татулыққа жетелейтін жолмен жүрсе деген арман бар. 

Осындай ажырасуды біздің демократиялы елімізде заң тұрғысынан да, әдеп нормалары тұрғысынанда қатаң тыйым салу мүмкін емес, дегенмен, екі жастың жұптарын ажырасу санын азайтып, жұптасу сапасын көтеруге қоғам болып ат салысу қажеттілігі туындап отыр. Сол орайда, қазіргі таңда сот жанынан  медиатор бөлмелері жұмыс жасауда. Заң талабыда, заман талабыда «соттасу емес, татуласу керек» деген ұранды ұстанып, ізгілік қағидасын қолданған жөн.    

 

Салтанат Асанова

Алматы аудандық сотының судьясы                   

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.