Сот кабинетінің тиімділігі
2014 жылдың 9 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен «Сот құжаттарымен танысу» және «Сот кабинеті» атты жаңа электронды сервистері іске қосылды. Бүгінде сот жүйесінде кеңінен қолданысқа енген «Сот кабинетінің» қызметі өз тиімділігін барынша дәлелдеп, күн санап үлкен сұранысқа ие болып келеді. «Сот кабинеті» — сот органдарының сервисіне электронды түрде қолжетімді біртұтас терезе.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың кез-келген өзіне ыңғайлы уақытта, үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, онлайн режимде «Сот кабинеті» интернет-сервисі (www.sud.kz) арқылы электронды түрде талап арыздарды (арыздарды) беруге, шағымдар мен өтінішхаттарды жолдауға, сондай-ақ істің қаралу барысын бақылауға мүмкіндіктері бар. Сот кабинетіне кіру үшін ҚР Ұлттық куәландырушы орталығынан электрондық цифрлық қолтаңба алу қажет.
Бүгінде сот саласындағы бұл өзгерістер өзінің тиімділігін дәлелдеп келеді. Жалпы еліміздегі соттардың барлығы біріңғай элекрондық құжат айналымына толықтай көшті деуге болады. Тәжірбие көрсетіп отырғандай, біріңғай электрондық құжат айналымы қағаз бастылықтан құтқарып қана қоймай, уақытты үнемдеуге, түрлі шығындарды азайтуға да айтарлықтай септігін тигізуде. Сондай-ақ, құжат айналымының электрондық тәртіпке көшуі мемлекеттік мекемелердің қызметінің ашықтығын қамтамасыз етіп отырғаны байқалады. Сондықтан қазірдің өзінде мамандар тарапынан жемқорлықтың алдын-алуда таптырмас тәсіл ретінде бағаланып отыр.
Мемлекетімізде жасалып жатқан ізгі бастамалардың барлығы қарапайым халықтың қамы үшін қолға алынған шаралар. Заманауи электрондық қызмет сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігіне бағытталған.
«Сот кабинеті» қызметі бүгінгі күннің талабына жауап беріп қана қоймай, карантиндік режим кезінде өтініш берушілердің және сот қызметкерлерінің денсаулықтарына қауіп төндірмей, жұмыс жасаудың бірден бір тиімді қызметі болып табылады.
Алия Жаманова
Ақжайық ауданының №2 аудандық соты кеңсесінің меңгерушісі
[xfvalue_img]
13 пікір