Батыс Қазақстан облыстық сотында БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады
Батыс Қазақстан облыстық сотында "Zoom" қосымшасы арқылы онлайн режимінде бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Іс-шараға жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен журналистер онлайн режимінде қатысты.
Бүгінгі күні - ақпарат ең маңызды құндылықтардың бірі болып табылады, өйткені қазіргі уақытта, әділ ақпаратты дайындау және таратуда журналистердің еңбегі зор екендігі сөзсіз.
Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы Ақан Жұмағұлов журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, бүгінгі таңда журналистер өздерінің белсенді ұстанымымен, ең қызықты және маңызды оқиғаларды көрсетуге ұмтыла отырып, мемлекетімізде бейбітшілік пен келісімді нығайтуға үлес қосатынын, сондай-ақ сот жүйесінің қызметін жарықтандыруда көрсететін ақпараттық қолдауларын атап өтті.
Журналистер кәсіби мереке күні кездесу ұйымдастырып, құттықтаулары мен білдірілген ықыластары үшін алғыс сөздерін айтып, облыс соттарымен одан әрі әріптестікті жалғастыру бойынша алдағы уақыттағы жобалары және жоспарларымен бөлісті.
Сонымен қатар, сот жүйесінің ашықтығы мен айқындылығын насихаттауға қосқан үлесі үшін және осы саладағы жетістіктері үшін БАҚ өкілдеріне облыстық сот төрағасының атынан алғыс хаттар жолданды.
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]