"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы қызметкерлерімен семинар өткізілді
Батыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі басшысының орынбасары Ш.Тұңғатарова, талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы А.Құсанова "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Орал қаласы Халыққа қызмет көрсету орталығының басшыларымен онлайн режимінде семинар өткізді.
Семинар ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 13 бұйрығымен бекітілген "Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары тақырыбында талқыланды.
Апостиль - құжаттамаға қол қойған адамның қолын және оның өкiлеттiктерiн, сондай-ақ осы құжат бекiтiлген мөрдiң немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын растайтын арнайы мөртаңба.
"Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" жөніндегі мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) және оның облыстардағы аумақтық органдары көрсетеді.
Семинар барысында мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды қабылдау тәртібі, өтінішті қабылдаудан бас тарту негіздері, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдері, мемлекеттік бажды төлеу және олардың деректемелері туралы түсініктемелер берілді.
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]