«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» семинар өткізілді
«Мемлекеттік қызметші күні» ауқымды мерекесінің қарсаңында Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот қызметшілерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» семинар өткізілді.
Кеңсе меңгерушісі Ж.Утегенова өзінің баяндамасында мемлекеттік қызметші күнін атап өтудің негізгі мақсаты, мемлекеттік қызметтің маңыздылығы мен қажеттілігін және мүмкіндігін арттыру, мемлекеттік секторды басқаруды дұрыс қалыптастыру, мемлекеттік қызметтің имиджін нығайту болып табылатынын айтып өтті.
Сонымен қатар, мемлекеттік реформаларды халыққа жеткізетін мемлекеттік қызметшілер болғандықтан, олардың азаматтардың әл-ауқатын арттыруда атқаратын рөлі ерекше екендігін де атап өтілді.
Іс-шара соңында қатысушылармен мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары, мемлекеттік қызметшілердің мәртебесі және аталған тақырып бойынша басқа да сұрақтар талқыланды.
Кеңсе меңгерушісі келе жатқан мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтай отырып, мемлекеттік қызмет терең білімді, үлкен жауапкершілікті талап ететіндігін, халыққа адал қызмет ету абыройлы міндет екендігін атап өтті.
Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты
[xfvalue_img]