Әкімшілік құқық бұзушылық жасағандарға жаза күшейтілді

Әкімшілік құқық бұзушылық жасағандарға жаза күшейтілді

 

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңсыздықтардың алдын-алу кепілі заңда белгіленген талаптармен реттелетіні анық. Уақыт өткен сайын, қоғамдағы үдеріске сай заңнаманың талаптарын жаңғыртып, жаңартып отыру заман талабы екені белгілі. Ағымдағы жылда осындай өзгерістердің бірегейі Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне енгізілгені көпшілікке аян. Аталған заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, кейбір құқыққа қарсы жасалған әрекеттерге қолданылатын жаза қатаңдатылды.

Ағымдағы жылдың 4 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Ол заң 15 қаңтардан бастап күшіне енді, онда 3 маңызды мәселе қамтылған.

          Бірінші: Әкімшілік істерді жылдам қарау құқық бұзушы және жәбірленуші өтініш хат беру, ал сотқа әкімшілік істерді дереу қарау құқығы берілді. Бұл ретте мұндай істерді қарау қорытындылары бойынша қаулылар дереу заңды күшіне енеді (744, 745, 829-5, 833-баптар). Сондықтан «Түнгі сот» пилоттық жобасын тұрақты жұмыс форматына ауыстырылды.

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен 2019 жылдың 12 айдың қорытындысы бойынша «Түнгі сот» пилоттық жобасының аясында 575 әкімшілік іс қаралған.

         Екінші: Істерді соттан мемлекеттік органдарға толықтай 63 құрам  баламалы негізде, 37 құрам (лицензиядан айыру, қызыметке тыйым салу) берілді. Сондықтан, сот бұл істерді іс жүргізуге бұдан әрі қарамайды.

         Үшінші: Ұсақ құқық бұзушылық, жаңадан енетін өзгерістер мен толықтыруларға байланысты 434-бап (ұсақ бұзақылық) екі құрамға бөлінді. Бұл ретте жалпы пайдалану орындарын, саябақтарды скверлерді ластау, оның ішінде коммуналдық қалдықтарды белгіленбеген орындарға шығарып тастау соттан алынып, Ішкі істер Министрлігінің құзыретіне берілді (434-2-бап).

Сонымен қатар, «Жол көлік оқиғасы» шеңберінде Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен 2019 жылдың 12 айдың қорытындысы бойынша 2799 әкімшілік істер қаралған. Бұл көрсеткіш көбеймесе азаймай тұр.

Сонымен қатар, айыппұл мөлшері ұлғайтылды және көлік құралын алкогольдік мас күйінде жүргізгені үшін жауапкершілік күшейтілді, өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан адамның құқықтық жағдайы нақтыланды.

Мәселен, көлік жүргізушісі көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру – көлік құралын басқару құқығынан үш жыл мерзімге айыруға әкеп соқса. Ал, жаңа өзгеріс бойынша аталған жаза "он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді.

Сонымен қатар, көлiк құралын басқару құқығы жоқ адамның оны (жүргiзіп-үйренуден басқа) басқаруы, сол сияқты тиiстi санаттағы көлiктi басқару құқығы жоқ жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейтін болса ол енді "жиырма" есептік көрсеткіш мөлшері болып көбейтіліп отыр.

Көлiк құралын басқару құқығынан айрылған жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы – он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл төлейтін болса, ол енді "елу" есептік көрсеткіш мөлшері болып көбейтіліп отыр.

Көлiк құралын басқару құқығынан айрылған жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер – жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл төлейтін болса, ол енді "жетпіс" есептік көрсеткіш мөлшері болып көбейтіліп отыр.

        Аталған өзгерістердің барлығы сот жүйесін жаңа сатыға көтеріп, сот жүйесі қызметінің жүктемесін азайтып, қаулылардың сапалылығына баса назар аудартады.

   

Ернар Халыков

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы                                                                

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

10 пікір

  1. аватар
    Jacquelyn 23 сентября 2024 07:18

    қазақстан демографиялық жағдайы,
    қазақстанның демографиялық жағдайы мен демографиялық саясаты караганды техникалық университеті, cabinet
    kstu кольсай кайынды описание,
    кольсайские озера легенды горбачев уикипедия, горбачев реформасы

    Here is my web blog; оң қол кітабы не туралы

  2. аватар
    Vaughn 19 октября 2024 09:57

    молитва чтобы на работе у мужа все было хорошо и неприятности прошли к чему снится
    аллергия на ногах слеза с правого
    глаза
    гадание по одной карте на ближайшее будущее как вернуть мужа семь дней заговорую молитву нужно читать при унынии

  3. аватар
    Duane 30 октября 2024 22:34

    психикалық дамуы тежелген балаларды оқытуды ұйымдастыру, пдт балаларды диагностикалау
    томириске мінездеме, томирис патшайым өмірбаяны аэропорт уральск справочная, международный аэропорт
    орал құстар туралы мәлімет қазақша,
    құстар туралы жұмбақтар

    Feel free to visit my blog тапсырма
    әзірлеу алгоритмі

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.