Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды
Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында 2019 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне енгізілген өзгерістерді талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.
Аталған іс-шараға прокурор Г.Ермағамбетов, кәсіби емес медиаторлар Н.Тажигарина, С.Нұрбаев, Ембі аудандық ауруханасының нарколог дәрігері Н.Еренова және учаскелік полиция қызметкерлері қатысты.
Өзінің баяндамасында төраға А.Мұқанов 30.12.2019 жылғы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға жеке-жеке тоқталып, соның ішінде әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық пен жазаның қатаңдатылғанын, атап айтқанда, алкогольден, уытқұмарлық немесе есірткіден масаң күйде көлік құралын басқарғаны, заңсыз аңшылық, мал ұрлығы, педофилизм, есірткі тарату сияқты құқық бұзушылықтарды түсіндірді.
Дөңгелек үстел барысында сот төрағасы 63 құқық бұзушылық құрамы сот қарауынан мемлекеттік органдарға берілгенін, бұл соттың жүктемесін азайтатынын атап өтті. Ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау оның ішінде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау Ішкі істер министрлігіне берілетіндігіне тоқталды. Өзгерістердің маңызды бағыттарының бірі - бұл әкімшілік істерді жылдам қарау, тараптарға істі дереу қарау туралы өтініш беру құқығын ұсыну,сақтандыру төлемдерін алу мерзімдерін қысқару мақсатында сот қаулысының заңды күшіне ену екендігіне де басты назар аударды.
Өз кезегінде нарколог Н.Еренова көлік басқарушы тұлғаның масаң күйде болу фактісін және оның дәрежесін анықтау үшін медициналық куәландыру жүргізу тәртібін түсіндірді.
Судья Ж.Кунаева куәландырудан бас тартқан адамның әрекетін хаттамамен бекіту қажеттігін айтты.
Дөңгелек үстел соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, оларға әкімшілік істерді қарау барысында енгізілген өзгерістерді дұрыс қолдану мақсатында толық зерделеу қажеттілігі жөнінде ұсынымдар берілді.
[xfvalue_img]