Соттың карантиндегі жұмысы

Соттың карантиндегі жұмысы

 

Қазіргі уақытта Республикамызда COVID-19 пандемиясына байланысты төтенше жағдай тоқтатылғанмен карантин режимі ұзартылды.  

БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары туралы заңнаманың талаптарын түсіндіру мақсатында, сот мамандарымен «Соттың карантиндегі жұмысы» тақырыбында семинар өткізілді.

       Семинар барысында кеңсе меңгерушісі  Ж.Утегенова сот қызметкерлері және сотқа келушілердің денсаулығын сақтау мақсатында сот кеңсесінің кіріс хат-хабарларды қабылдау кезінде санитарлық талаптарды орындау қажеттігі, карантин уақытында сот процессіне қатысушылардың сотқа келуі әрі қарай шектелетіні, сот өндірісінде және сот қызметіне қатысы жоқ тұлғалардың сот ғимаратына кіруіне, сонымен қатар көпшілік адамдардың жиналуына тосқауыл өз күшінде қалдырылатыны атап өтілді.  

Кіріс кеңсесінің жұмысы қашықтықтан «Сот кабинеті», ЭҚАБЖ сервистері арқылы электрондық түрде уақытылы жүзеге асыралады.

Карантин шараларын енгізу электрондық түрде құжат айналымның көбеюіне себепші болып, сот өз қызметін онлайн режимде жалғастыруда.

        Сот қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер мен материалдарды «WhatsАpp», «TrueConf» және т.б. мобильдік қосымшалардың көмегімен қашықтықтан қарайды.

        В заключении заведующая канцелярией   подчеркнула, что несмотря на стабильный режим работы суда, усиливается ответственность судебных работников. В связи с этим бесперебойное отправление правосудия судом напрямую зависит от действий каждого работника суда.

        Семинар соңында  кеңсе меңгерушісі  аталған жағдайда сот қызметкерлерінің жауапкершілігі әлі де күшейтіленін, соттың сот төрелігін үздіксіз жүзеге асырылуы сот қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне тікелей байланысты екендігі ескертілді.

          Сот қызметкерлерінің және азаматтардың  қауіпсіздігін сақтау мақсатында сот ғимараты  маскалармен, антисептиктермен және арнайы қолғаптармен қамтамасыз етілген, сонымен қатар сот ғимаратына кірер алдында кірушілердің қызуы арнайы құралмен өлшенеді.

         Карантин шараларын енгізу азаматтардың бұзылған құқықтарын және заңды мүдделерін сот тәртібімен қорғауына кедергі келтірмейді.

 

Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.