Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық істер бойынша татуластыру шаралар қолдану туралы
Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сот төрелігін атқарудағы жұмыс сапасын көтеру мақсатында, сот жүктемесін азайту үшін сотта және сотқа дейін тараптарды медиация тәртібінде татуластыру бағытындағы жаңғырту жұмыстарын жүргізіп, осы бағытта онлайн тәртібімен «Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық істер бойынша татуластыру шаралар қолдану туралы» тақырыбында іс-шара өткізген болатын.
Аталған шара Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұжымы, Батыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының өкілі А.М.Муканова, «Татулас» медиативтік орталығының өкілі А.Г.Ракишева, Орал қалалық пробация қызметінің өкілі Т.Курмангалиев және прокуратура өкілі А.Зайдуллинаның қатысуларымен онлайн тәртібімен ұйымдастырылған.
Шараға қатысушылар кәмелетке толмаған тұлғаларға қатысты қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі пробацияны кең қолдану және әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсету, соның ішінде сотқа дейінгі тергеу кезінде тараптарды татуластыру мәселелерді талқылап, өз ұсыныстарын келтірген болатын.
Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты
[xfvalue_img]