«Цифрлық агент» (Digital agent) мобильді қосымшаны пайдалануды түсіндіру жөнінде »
Аталған қосымша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен іске қосылғанын, пайдаланушылар «Play Market» және «App Store» сервистік бағдарламалары арқылы мобильді қосымшаны жүктеп, орнатылғаннан кейін тіркеуден өту қажет.
Аталған мобильдік қосымшаның артықшылығы қызмет алушылар шынайы уақытпен мемлекеттік қызмет көрсету сапасына баға беруге мүмкіндіктері бар. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау 5 балдық шкала бойынша жүргізіледі. Азаматтар қосымша арқылы қандай да бір мәселелермен байланысқаннан кейін, көрсетілетін қызметті берушілерге оны шешуге 5 минут уақыт беріледі, содан кейін мәселелерді шешуге мемлекеттік қызметтердің көрсету сапасын бақылауды іске асырушы орган ретінде Агенттік қосылады. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау критерийлерінің тізбесінде: сыпайылық, кәсіби әдеп, әкімшілік кедергілер және т. б. көзделген.
Бұл электрондық және мобильді үкімет жүйесін жетілдіреді және мемлекеттік қызметтерді көрсету саласын оңтайландырады.
Вебер Ж-М.А
Cырым аудандық сотының кеңсе меңгерушісі.
[xfvalue_img]