Бәйтерек аудандық сотында еңбек мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылау туралы "дөңгелек үстел" өтті.
Талқылауға онлайн режимде бейнеконференцбайланыс арқылы жеке нотариустар Лариса Ким, Эльмира Жазықбай, Бәйтерек ауданының кәсіподақ комитетінің төрағасы Рамазан Исмагулов, кәсіподақ төрағалары: халықты жұмыспен қамту орталығынан Гүлбану Алдамжарова, аудандық орталық ауруханадан Гүлнара Ситкалиева, Зеленов колледжінен Күмісай Тұлғабаева, аудандық қаржы бөлімінен Айгүл Нысанбаева, Каменка ЖОББМ-нен Марина Погодаева, Переметный ЖОББМ-нен Евгений Борзиков, қәсіпқой емес медиатор Мұрат Кужумов қатысты.
Шарада сөз алған сот төрағасы Роза Сариева заңмен енгізілген жаңашылдықтар нормаларын айта отырып, жұмыс беруші мен қызметкер арасында туындайтын еңбек дауларын қарау үшін жұмыс берушінің келісу комиссиясын құру міндеттеріне, ұйымның құрылымдық бөлімшелерінде келісу комиссиясын құруды ұжымдық шартта көрсету мүмкіндігі туралы, өтініш берушінің жазбаша келісімі бойынша оның қатысуынсыз келісу комиссиясында дауды қарауға жол берілетіндігі туралы өзгерістерге назар аударды.
Сонымен қатар, кәсіподақтардың еңбек дауларын сотқа дейін шешуге қатысу құқығы атап өтілді, оларға кәсіподақ мүшелері арасында құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша, оның ішінде еңбек заңнамасының ережелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу міндеті жүктелгендігіне назар аударылды.
Спикер азаматтық істердің кейбір санаттарын нотариаттың қарауы туралы айтып, заңнаманы тиісінше және біркелкі қолдану жөнінде ұсыныстар берді.
Шара соңында қатысушылар талқыланған тақырыптың өзектілігіне назар аударып, құқық қолдану мәселелерін жұмыс тәртібінде шешуді ұсынды.
Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек аудандық соты
[xfvalue_img]