Гендерлік теңдік

Гендерлік теңдік

 

Дәстүрлі дала мәдениетінде қазақ әйелдері өздерінің отбасылық қана емес, қоғам мүшесі ретіндегі әлеуетін өнер-білім саласында, сонымен қатар қоғам қайраткерлері ретінде өзін-өзі дамытып келеді. Қазақы ортада, отбасының мүддесі жоғары тұруы керек деген тәрбие алған  қазақ аруларына қоғамдық-әлеуметтік ортада белсенділік танытуына кедергі емес.

Қазіргі қоғамның қай бағытын алсаңыз да барлық салада қазақтың көрсе көз тоймайтын сұлу қыздары жүр. Олар – кешегі тарихымыздағы Болған ана, Домалақ ана, Дарабоз аналарамыздың ізін жалғастырушылар.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан гендерлік саясатты жүзеге асыру жолында белгілі бір жетістіктерге жетті. Бірінші кезекте бұл әйелдердін мүмкіндіктерін дамытуда, ер азаматтар мен әйел азаматтарының еңбек жағдайларының теңдесуі.

Гендерлік теңдік идеясы «Әйелдердің дамуы» атты БҰҰ бағдарламасында белгіленген, оның негізгі ережелері, әйел – бұл әлемдік қоғамның экономикалық дауына өзінің шешуші жарнасын жасауға қабілетті, адамзаттың қолданылмаған ресурсы ретінде қаралады. Ал біздің еліміздегі гендірлік теңдік саясатының міндеттері билік құрылымына әйелдер мен ерлердің тең қатысуы, экономикалық тәуіелсіздік үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, отбасындағы тең құқықтар мен міндеттер үшін талаптар құру, жыныс белгілері бойынша күштеу бостандығы, біздің қоғамымыздың дамуында әйелдердің рөлін бұдан әрі дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын шешімдер қабылдау болып табылады.

Қазақстан Республикасында гендерлік теңдік стратегиясында барлық шешімдер қабылдау деңгейінде әйелдердің 30 %-дық өкілдігіне қол жеткізу міндеті қойылған. Әйелді кемсіту фактісі әйелдердің әлеуметтік өзін-өзі сезінуіне жасырын формада гендерлік әлеуметтік шиеленісті туындата отырып, теріс әсер етеді. Елімізде жүргізіліп жатқан гендерлік теңдік стратегиясының бір мақсаты әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күрес жүргізу. Өз Жолдауында Елбасы Н.Назарбаев, «Бірден айтайын, ондай зорлық-зомбылықтың жолы қатаң түрде кесілуі тиіс. Мемлекет әбден асқынған жыныстық құлдыққа, әйелге тауар ретінде қарайтын көзқарасқа айрықша қатаң түрде тыйым салуға тиіс» екендігін атап өткен. Осы  мақсатта Ішкі істер министрлігінің аудандық бөлімдеріне дейінгі құрылымында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі арнайы бөлімшелер жұмыс істейді. Олардың міндеттері әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық фактілерін анықтау, жеке және заңды тұлғалардың әйелдердің конституциялық құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы туралы шағымдары мен өтініштерін қарау кіреді.

Сот істерін қарауда гендерлік теңдік сотты жүргізудің – соттардың ерлер мен әйелдерге қатысты заң талаптарын нақты орындауы; процеске қатысушылардың, адамдардың адамгершілігін кемсітетін немесе ар-намысын таптайтын шешімдер мен іс-әрекеттерге жол бермеу; заң мен сот алдында барлығының теңдігі; тараптардың дауласуы мен теңдігі; істі талқылаудағы ашықтық, жариялық және анықтық; процеске қатысушылардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету - негізгі принциптерін іске асыру арқылы қамтамасыз етіледі.        
        Әкімшілік және қылмыстық сот жүргізуде әйелдердің жағдайын жақсартатын нормалар қарастырылған.

Әйел – ана, әйел – сұлулық, әйел – махаббат. Әйелдерді қорғау, аялау ер азаматтарымыздың міндеті. Әйел бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді дейді дана халқымыз. Ананы құрметтеген, қарындасты еркелеткен көтерген асыл халықтың ұрпағымыз. Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою мемлекетімізде нақты жолға  қойылған.Біздің мақсатымыз, Қазақстан Республикасының Конституциясында және Қазақстан қосылған халықаралық актілерде жарияланған ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерін іске асыру, сондай-ақ олардың қоғам өмірінің барлық салаларында тең қатысуы үшін жағдай жасау. Қорыта айтқанда, «Мәселе жыныстардың біреуінің күштілігінде, мықтылығында емес, олардың әртүрлігінде. Егер біздер осы айырмашылықтарды көріп және оларды шығармашылықпен қолдана алсақ, барлығымыз, әйелдер де, еркектер де бірдей дәрежеде бақыттырақ болар едік»  Колумбия университетінің фолисофия доктары, психолог Джойс Бразерс демекші. Қазіргі заманауи заманда қазақ қыздары өздерінің ұлттық ерекшеліктерін, табиғи нәзіктіктерін, ибалылықтарын сақтай отырып, адам іс- әрекеттерінің барлық түрлеріне араласып жетістікке жетсе, нұр үстіне нұр болады.

 

 

Ақмола гаризоны әскери сотының судьясы

А.Батырханов

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.