Сотта татуластыру рәсімдерін қолданудың тәсілдері

Сотта татуластыру рәсімдерін қолданудың тәсілдері

         ҚР Жоғары Сотының Төрағасы Ж.Қ.Асановтың бастамасымен республика соттарында татуластыру рәсімдерін өткізуге судьяға тарап арыз түскен күннен бастап және азаматтық іс қозғалғанға дейін 5 жұмыс күні ішінде тараптарды татуластыру рәсімдерін өткізуге және дауды бейбіт жолмен шешуді талқылауға мүмкіндік беретін «Соттағы татуластыру рәсімдері» пилоттық жобасы жүзеге асырылуда.

         Аталған жобадағы медиативтік рәсім дауды реттеудің оңтайлы жолын қарастыруды, істі қарауды созбалаңға салудың алдын алуды, соттардың жұмысын жеңілдетуді көздейді, тұрғындардың дауды соттан тас реттеуге деген қызығушылығын арттырады. Сырым аудандық соты аталған пилоттық жобаны 2018 жылдың 22 мамырынан бастап жүзеге асыруда.

         Жоба процессуалдық әрекеттердің алгоритіміне сәйкес жүзеге асырылады.

         Инновациялық технологияларды жүзеге асыру және енгізу шеңберінде «Мобильді бейнеконференцбайланыс» қолданысқа енгізіліп, іске қатысушылар жалпы отырысқа портативті мобильді гаджет арқылы қосылу мүмкіндігіне ие болды. Сотта виртуалды медиация өткізу тәжірибеге енгізілуде.

         Сондай-ақ «Smart Сот» жобасының шеңберінде сот жүйесінде жаға технологияларды пайдалану қолданыла бастады. Мысалы, бұрынғы ерлі-зайыптар арасындағы мүлікті бөлу туралы дау бойынша мобильді  бейнеконференцбайланысты қолдану медиативтік келісімді бекітуге мүмкіндік берді, сот отырысына келуге мүмкіндігі болмаған жауапкер сот отырысына өзінің мобильді гаджет арқылы қосылуға ниет білдірді. Аалған дау бойынша жауапкер талапкерге пәтердің үлес бағасының айырмашылығын төлеуге және тұрмыстық техника мен жиһызды қайтаруға міндеттеме алып, татуласты.

         Бұнымен қатар, дауларды реттеу барысында татуласуда тиісті нәтижелерге қол жеткізу үшін татуласу рәсімдерін тараптарға қолаулы кешкі мерзімде өткізуге арналған шаралар қабылдануды. Мысалы, тараптардан өтініштің түсуіне байланысты некені бұзу және зайыбын күтуге байланысты алимент өндіру туралы дау бойынша әңгіме жүргізудің қажеттілігі туындады. Осындай жағдайда, кешкі уақытта жүргізілген медиацияның нәтижелері бойынша медиативтік келісім жасалады.

         Қорыта келгенде жобаның нәтижелі болуына психологиялық сұхбат жүргізу, отбасылық даулардың себебін анықтау және дауларды шешудің оңтайлы долын ұсыну мүмкіндік береді.

 

 

Ниязов Т.К.

Сырым аудандық сотының судьясы

       

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.