Мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосу әрбіріміздің парызымыз

Мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосу әрбіріміздің парызымыз

 

 

Қазақстан - егеменді, тәуілсіз ел. Қазақстанды дамыған өркениетті елу елдің қатарына енгізетін біздің болашығымыз - бүгінгі жастар. Олардың міндеті – елінің намысын қорғап, оны әлемге таныта білу. Әлемге таныту үшін әр жас өз елінің тарихын, тілін  жетік білуі керек.

Мемлекеттік тілді жетік білу бүгінгі күні әр мемлекеттік қызметкердің алдына қойып отырған өзекті мәселесінің бірі болып табылады. Сондықтан, мемлекеттік тілді дамытуға әрбір мемлекеттік қызметкер өз үлесін қосуы міндетті.

Бүгінгі күнде сот, құқық қорғау жүйесінде мемлекеттік тілді қолдануға үлкен көңіл бөлініп отыр.

Мемлекеттік тілді іс-қағаздарына енгізіп, қызметіне сай қолдану, насихат жұмыстарын ұйымдастыру және оқытудың жаңа әдістерін тиімді пайдалану мемлекеттік органдарының басты мақсаты.

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту – тергеушілердің, судьялардың, қорғаушылардың, әскери бөлімдердің командирлерінің және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ең маңызды мәселесі. Міндетті түрде осы мәселеге көңіл аудару қажет. Осы бағытта нәтижелі жетістіктерге жету үшін кадр қызметін жақсарту, мемлекеттік тілді игеруді ынталандыру қажет.

Қазіргі таңда әскери сотының шығыс құжаттарының барлығы дерлік мемлекеттік тілде рәсімделеді. Сонымен қатар, сотта жүргізілетін іс-шаралар да толығымен мемлекеттік тілде өткізіледі. Осылайша елімізде мемлекеттік тілді дамытуға өз үлесімізді қосудамыз.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілінің сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі ретінде мәртебесін асырып, қолдану аясын кеңейту арқылы заң талаптарын күшейтіп, мемлекеттік тілге деген қажеттілікті тудыру керек деп санаймын. Елбасымыздың: «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген қанатты сөзін әр азамат, әр мекеме, әр ұйым басты мақсатқа айналдыруы қажет.

Қорыта келгенде, тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тіл мәртебесі – ел мерейі. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек, деген сана әрбір Қазақстан Республикасының азаматының қасиетті парызы болуы қажет деп санаймын.

 

 

Ақмола гарнизоны әскери сотының бас маман сот отырысының хатшысы Н.Ж.Жунисова

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.