Мемлекеттік қызмет ұлттың айнасы
Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды. Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін атқаратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны-Қазақстан Республикасына адал да қалтықсыз қызмет етеді деп сенім білдіреді.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің осы ар-намыс кодексі (Мемлекеттік қызметшілер қызмет этикасының қағидалары). «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан республикасының заңына және жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілері мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілейді. Мемлекеттік органдардың басшылары, орталық атқарушы органдарда орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары немесе белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғалар, ал орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары немесе көрсетілген лауазымды тұлғалар болмаған жағдайда-орталық атқарушы органдардың басшылары осы Кодекс талаптарын орындалуын, осы Кодекстің мәтінін мемлекеттік органдардың ғимараттарында баршаға көрінетіндей жерлерде орналастыруды қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметке тұрғаннан кейін бір ай ішінде осы Кодекспен жазбаша түрде таныстырылуы тиіс. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері Қазақстан Республикасының Президентінің саясатын жақтауға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға, өзінің іс-әрекетімен мелекеттік биліктің беделін нығайтуға, мемлекеттік институттарының беделін түсіруге ықпал ететін іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге, заңдылық қағидаттарын, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққ алуға, қоғам мен мемлекеттің игілігіне қызмет етуге, мемлекеттің мүддесіне залал тигізетін, мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс істеуіне бөгет болатын іс-әрекеттерге қарсы тұруға, сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікке ұқыпты қарап, оны ұтымды әрі тиімді пайдалануға, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүүделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге, олардың өтініштерін қарау кезінде төрешілік пен сөзбұйдаға салу көріністеріне жол бермеуге, өтініштер бойынша белгіленген мерзімде қажетті шаралар қолдануға, мемлекеттік қызметке және мемлекет институттарына қоғамның сенімін сақтауға және нығайтуға, өзінің іс-әрекетімен қоғам тарапынан негізді сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, оң сын-ескертпелерді кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға, адал, әділ, қарапайым да, сыпайы болуға, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салттар мен дәстүрлеріне құрметпен қарауға, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұлжытпай сақтауға, берілген өкілеттіктерді тиімді иеленуге, өзінің қызметтік міндеттерін адал, туралықпен және сапалы атқаруға, жұмыс уақытын тиімді пайдалануға, жоғары кәсіби жұмыс үшін қажетті күш-жігерін салуға, қойылған міндеттерді шешудің оңтайлы да үнемді әдістерін қолдануға, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін тиісінше орындауына бөгет болатын іс-әрекеттерге қарсы тұруға, кадрларды туысқандық, жерлестік және жеке өзіне берілгендік белгілері бойынша іріктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермеуге, бағынысты қызметкерлердің міндеттері мен қызметтік өкілеттіктерінің көлемін дәл айқындауға, анық орындай алмайтын өкімдер бермеуге, бағынысты қызметкерлерден олардың қызметтік міндеттерінің шеңберінен тыс тапсырмалар орындауды талап етпеуге, бағынысты қызметкерлерге қатысты негіссіз айыптауларға, дөрекілік адамдық қадір-қасиетін кемсіту, жөнсіздік фактілеріне жол бермеуге, бағынысты қызметкерлерді құқыққа қайшы теріс қылықтар немесе жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормалармен үйлеспейтін іс-әрекеттер жасауға мәжбүр етпеуге, кәсіби дайындықтың, оның ішінде орындалуы бағынысты қызметкерлердің функционалдық міндеттеріне жатқызылған мәселелер бойынша қажетті деңгейіне ие болуға, басқа мемлекеттік қызметшілердің тарапынан қызметтік этика нормаларын бұзу фактілерін болдырмауға және жолын кесуге, өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде киім киюдің іскерлік стилін ұстануға тиіс.
Мемлекеттік қызметшілер қызметтік жағдайларын және онымен байланысты мүмкіндіктерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүдделеріне, оның ішінде өзінің оларға көзқарасын насихаттау үшін пайдаланбауға тиіс. Басшы лауазымдар атқаратын мемлекеттік қызметшілер бағынысты қызметкерлерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне қатысуға мәжбүрлей алмайды.
Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеуі тиіс. Мемлекеттік қызметшілер басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан болатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесуі тиіс. Егер мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы дәйекті ақпараты болса, ол мұндай құқық бұзушылықтың алдын-алуға және жолын кесу жөнінде қажетті шаралар қолдануы тиіс. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметші қызметтен тыс уақытын да, қызмет кезінде де өзін сабырлы бір қалыпты жақсы күйде ұстап айналадағыларға үлгі болуы керек. Себебі мемлекеттік қызмет ол қызметтер ішіндегі ең жауапты қызмет болып табылады және мемлекеттік қызметшілер ұлттың айнасы десем артық айтқандық болмас деп ойлаймын. Сондықтанда мемлекеттік қызметті мемлекетіміздің болашақта қарқындап дамуына үлес қосатындай адал тиянақты да, ұқыпты атқаруға жұмыстануымыз керек деп ойлаймын.
М.Р.Кусайнов
Теректі аудандық
сотының судьясы
[xfvalue_img]
26 пікір