Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы қатынастарының мүліктік құқықтары

Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы қатынастарының мүліктік құқықтары

 

Елімізде неке және отбасы қатынастарын мемлекеттік қорғау және қолдау мақсатында 1998 жылы 17 желтоқсанда «Неке және отбасы туралы» Заң қабылданды.

Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне сәйкес: отбасы дегеніміз - некеден, туыстықтан, дүниеге бала әкеліп, оны тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын өзара жәрдемдесуге тиісті адамдардың тобы. Біздің елімізде неке ер мен әйелдің арасында пайда болады.

Отбасы - қоғамның ең басты ұясы болғандықтан, мемлекет оған ерекше қамқорлықпен қарайды, мүмкіндігіне қарай көмектеседі, кім-кімнің болсын сырттан заңсыз араласуына жол бермейді және қорғайды. Әрине некеге отырған, отау тіккен адамдарға мемлекет те белгілі бір талаптар қояды. Тек осындай талаптар орындалған жағдайда ғана, мемлекет неке, отбасына қамқорлық жасау туралы міндеттемелер қабылдайды. Мұндай талаптар кездейсоқ емес, олар азаматтардың кемелденуіне және қоғамның мүдделеріне байланысты туындайды. Сондықтан, отау тігу үшін заңда көзделген шарттарды сақтау қажет. Отбасы құқығы бойынша неке – бұл ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалатын еркек пен әйел арасындағы тең құқықтық одақ.

Отбасы және неке қатынастарын реттейтін заңнамалар бойынша бірлескен өмір кезінде жиналған мүлік ортақ меншік болып табылады. Әдетте, отбасындағы мүлік ерлі-зайыптылардың екеуінің еңбегінің нәтижесінде жиналады. Кейде зайыбы жұмыс істемеуі, үй шаруасында және бала тәрбиесімен айналысуы мүмкін. Әрине, егер отбасында мүліктің кімдікі екендігі туралы дау туған жағдайда, олар мүліктің тағдырын шешу жөніндегі өтінішпен сотқа жүгіне алады. Сот мүліктің пайда болуына қатысты барлық мән-жайды ескере отырып, мәселені әділетті шешуі тиіс. Сот ерлі-зайыптылардың тәртіп жағдайын (екеуі де өмір салтын ұстана ма немесе бір жағымсыз қылықтарға бой ұрған ба, ішімдікке салынған емес пе т.б.), бір-біріне деген, балаларына деген қатынасын ескереді. Ортақ мүліктегі кейбір заттар (пәтер, машина т.б.) ерлі-зайыптылардың бірінің атына жазылады. Тіпті осындай жағдайдың өзінде ол ортақ мүлік болып табылады. Сондықтан ерлі-зайыптылардың бірі екіншісінің келісімінсіз ол заттарды сатуға, алмастыруға, сыйлауға және мұраға қалдыруға құқығы жоқ. Ерлі-зайыптылар ортақ мүлік тағдырын өзара келісіп шешуі тиіс.

Өз мүлкіне келтірілген зиян үшін ерлі-зайыптылардың әрқайсысы өзі жеке жауап береді. Егер ерлі-зайыптылардың біреуі қылмыс жасаудың нәтижесінде басқаның мүлкін бүлдірсе, ол өзінің жеке мүлкімен жауап береді, ал егер ол жетпесе, онда ортақ мүліктегі өз үлесінен төлейді. Егер жалпы ортақ мүлік жасалған қылмыстың нәтижесінде пайда болса немесе көбейсе, онда екіншісіне келтірілген зиянның орны жалпы мүлік есебінен толтырылады. Әрине бұл мәселелердің бәрі осы іске қатысты барлық деректер жан-жақты тексерілуі негізінде сот арқылы шешіледі.

Айтылғандардан көргендей, ерлі-зайыптылар арасындағы қатынас жалпыға мәлім моральдық нормаларға ғана емес, заң нормаларына да орай құрылады. Дау туған жағдайда, мүліктің тағдырын сот шешеді, сот алдында олардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ жауаптылығы да бірдей болады.

 

Бекқалиева М.Т.

Орал қаласының №2 сотының бас маман-сот отырысының хатшысы

 

 

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

26 пікір

  1. аватар
    Halley 8 февраля 2024 20:49

    I'm impressed, I have to admit. Rarely do I encounter a blog that's equally educative and
    entertaining, and let me tell you, you have hit the nail
    on the head. The problem is something that not enough men and women are speaking intelligently
    about. I am very happy that I came across this during my search for
    something regarding this.

    my site fluctin zonder medisch voorschrift

  2. аватар
    Warren 6 сентября 2024 06:57

    не с кем поехать за границу, ищу попутчицу в египет вестник нан рк 2021, известия
    нан рк серия химическая
    мен сені сүйемін музарт скачать, музарт лайф все песни скачать бесплатно
    я мама и я устала, скачать песню мама я
    не устала

    Feel free to visit my blog - мұғалім туралы эссе 4 сынып

  3. аватар
    Samual 7 сентября 2024 05:03

    квартира актау, 17 мкр, аренда квартир актау,
    17 мкр облыстық байқаулар, сыр дарыны колонна металлическая двухветвевая,
    архитектурные конструкции казбек-казиев pdf б/у
    стройматериалы в атырау, олх атырау стройматериалы на крышу

    Feel free to surf to my blog post мектеп кітапханасының міндеттері

  4. аватар
    Michaela 10 сентября 2024 14:47

    жыл құсына анықтама, жыл кустары туралы малмет бақылауға бағынбайтын жасушалардың бөлінуі, обыр жасушаларының механизмін касса
    24 оплата кредита, оплатить кредит по иин китайский новый год
    2023 в малайзии, китайский новый год 2023 время по москве

    my web site өз еркімен жұмыстан шығу еңбек
    кодексі

  5. аватар
    Sarah 14 сентября 2024 21:19

    вака одноразка цеколледж
    на повара после 9 класса шымкент
    , waka 10000 ең үлкен қателігі қалай жазылады, өлшеу қателігі дегеніміз не замена масла каспи ред астана, замена масла
    круглосуточно астана правила содержания и защиты
    зеленых насаждений вко, правила ухода за зелеными насаждениями

  6. аватар
    Fredericka 21 сентября 2024 15:22

    магазин строймарт караганда, строительный магазин караганда сыртқы және ішкі сәулелену,
    радиациялық қауіпті аймақтар ақтайлақ би шежіресі жеке және заңды
    тұлғалардың өтініштерін тіркеу,
    заңды тұлғалардың жеке кәсіпкерлілігі

    Also visit my website қазақстанның әлеуметтік дамуы

  7. аватар
    Anastasia 4 октября 2024 13:29

    данияр елеусинов последний бой, данияр елеусинов бой сегодня катар
    мемлекеті астанасы, катар мемлекеті презентация пернетақтамен танысу 2 сынып, пернетақтамен танысу қмж неге арман скачать ремикс speed up,
    неге арман скачать ремикс тик
    ток

    Also visit my webpage :: армия неше жыл 2024

  8. аватар
    Merlin 22 октября 2024 11:19

    сильный загоесть белую рыбу во сне для женщины к чему снитсяр что любимый
    позвонил как продать квартиру заговор очень сильный заговор
    к чему снятся сильно плакать
    на похоронах
    проверенный заговор на выигрыш в лотерею 12 апреля
    знак зодиака мужчина совместимость

  9. аватар
    Chadwick 22 октября 2024 22:22

    Neat blog! Is your theme custom made or did you download it from
    somewhere? A theme like yours with a few simple adjustements would really make
    my blog shine. Please let me know where you got your theme.
    Many thanks

    my blog Son

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.