Сүйікті жар болып,  тәрбелі ұрпақ өсіргеніміз абзал

Сүйікті жар болып, тәрбелі ұрпақ өсіргеніміз абзал

 

Қазақ елінде неке бұзу – жыл санап көбейіп бара жатыр...

Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің талабына сай, неке – ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ.

Ең өкініштісі, қазіргі жастардың отау құрып болмай жатып, некеден туған ортақ балаларының өмірін әрі қарай өсіп-өнуін, бақытты балалық шақты толық емес жанұяда өткізетінін ойламастан, ажырасуға ұмтылатыны қынжылтады. Мәселен, ажырасу жөнінде Орал қаласының №2 сотына 2018 жылы 1755 арыз түссе, ал 2019 жылы 2161 арыз түсіп, 13 пайызға артқан екен.

Заман талабына сай, некеге тұрушылардың жас мөлшері жасарғанмен, одан ажырасу да саны жағынан да қалыс қалар емес. Бүгінде «Үйлену – оңай, үй болу – қиынның» тауқыметін тартып жүргендердің қатары қалың.

Сот өндірісінде де неке бұзу істері көптеп қаралады. Сондай істердің бірін мысал ретінде келтірсек, талап қоюшы М.Есмаханова сотқа жолдаған талап арызында 2018 жылы А.Есмахановпен заңды некеге отырғаны, ортақ некеден араларында бір кәмелеттік жасқа толмаған қызы барлығын, 2019 жылдан бастап бөлек тұратынын, қазіргі кезде жауапкердің басқа жанұясы бар екенін болашақта жауапкермен бірге тұрып, жанұя болуға ешқандай мүмкіндік жоқ екенін айтқан, кәмелеттік жасқа толмаған қызын өзінің тәрбиесіне қалдыруды және жауапкер А.Есмаханов екеуінің араларындағы некені бұзуды сұрап, жүгінген. Жауапкер А.Есмаханов сотта талапты мойындап, талапкермен ажырасуға қарсы емес екенін айтып, некесі бұзылған. (Тараптардың аты-жөні өзгертілген).

Аталған іс бойынша тараптар бір жыл ғана некелік отбасында өмір сүрген. Алайда, біздер барлығына бірдей күйе жағудан аулақпыз, бірақ, осындай мәтінде арыздар көптеп түсуі – жастардың некеге отыру мәселесіне жауапсыз қарауының айқын көрінісі.

Жауапкершілігі кемшін ата-аналардың кесірінен – балалардың толық отбасында жетілмеуі, психикалық зақымдануы орын алады. «Сары бала – қара қазанның» қамын тереңнен ойлайтын ер-азаматтарымыз бен отбасы ұйтқысы болар әйел-аналарымыздың саналы оймен, салиқалы тоқтамға келе алмай, ұрпағын анасыз не әкесіз өсіруі – бабаларымыздың қанына сіңбеген әдет болатын...

Үйлену, яғни, отбасын құрып, шаңырақ көтеру – кәмелетке толған жастың құқы мен тағдырлы қуанышы десек; үй болу, яки, шаңырақтың уықтарын мықтап, отбасының ынтымағын орнату – төл тағдырыңның даңғыл жолын түзу қалыптастыру болып табылады.

Адамның тағдыры бір мәрте ғана нәсіп болады, осынау қызығы мен шыжығы қатар жолда, сара соқпақта қиыншылықтарға соқтықпай, сүйікті жар болып, тәрбелі ұрпақ өсіру – әрбіріміздің адал борышымыз.

 

А.НҰРҒАЛИЕВ,

Орал қаласындағы №2 сотының судьясы,

Орал қаласы.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 2

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.