Жолдасы мен балаларын өлтіргені үшін қамаққа алынды
10 сәуір 2020 жылы, Таскала аудандық сотының тергеу судьясымен күдікті С.Т. Кафизовқа қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтініш қаралды.
Қылмыстық қудалау органдарымен, С.Т.Кафизов Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 99-бабының 3-бөлігімен (екi немесе одан көп адамды өлтіру, аса қатыгездiкпен жасалған, жас баланы өлтіру) және 202-бабының 2-бөлігі 1-тармағы (өрт қою арқылы бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) көзделген қылмыстар бойынша күдіктенеді.
Қайғылы жағдай, Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Ақтау ауылында ағымдағы жылдың сәуір айының 8-нен 9-күні орын алды. Тергеу мәліметтері бойынша күдікті, кейін екі кәмелетке толмаған қыздары мен әйелінің мәйіттері табылған үйді өртеген.
Тергеу судьясы, тергеушының өтінішін қанағаттандырып, күдіктіге екі ай мерзімге дейін «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтарпау шарасын санкциялады.
Жасалған қылмыстың мән-жайларын, күдіктінің қылмыстқа әрекетін ескере отырып, қатаң бұлтарпау шарасы таңдалды.
Сот отырысы "TrueConf" мобильдік қосымша арқылы қаралды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Тасқала аудандық соты
[xfvalue_img]