Төтенше жағдай талаптарын бұзғаны үшін құқық бұзушылар әкімшілік қамаққа алынды.
Жаңақала аудандық сотымен аз. Т.-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабының 6-тармағымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Іс материалдарына сәйкес, ағымдағы жылдың наурыз айының 21-і күні сағат 16.30 шамасында Жаңақала ауданы Жаңақала ауылында орналасқан жеке кәсіпкер Т.-ның мейрамханасында келушілердің саны 50-ден астам адам болған, нәтижесінде ол төтенше жағдайдың жариялануына байланысты мемлекет орган белгілеген режимді бұзған.
Сот отырысы барысында жауапқа тартылушы Т. кінәсін мойындады және аталған әкімшілік құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі басқа да іс құжаттарымен дәлелін тапты.
Сот қаулысымен мейрамхана иесі Т. ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабының 6-тармағымен кінәлі деп танылып, оған 3 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Батыс Қазақстан облысы соттарымен бүгінгі күнге 11 тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабының 6-тармағымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды, соның ішінде 8 тұлғаға қатысты қамаққа алу жазасы белгіленді.
Нұргүл Қанатбаева
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметінің басшысы
[xfvalue_img]