Алқабилер сотының маңыздылығы неде?

Алқабилер сотының маңыздылығы неде?

Біздің елімізде саяси - әлеуметтік ортаның өзгеруі, мемлекетіміздің демократия жолында қол жеткізген жетістіктері мен бүгінгі заман талабы алқабилер сотының жұмыс жасауын қажет етті. Бүгінгі таңда сот жүйесінің қызметін өркениетті елдердің талаптарына сәйкестендіруде барлық шаралар жұмылдырылуда. Алқабилер соты, қатал сынға қарамастан, дамыған елдердің сот жүйесінде сот өндірісінің анағұрлым демократиялы және әділ түрі ретіндет қалыптасты.

Сөйтіп, 16 қаңтар 2006 жылы қылмыстық сот ісін жүргізуге алқабилердің қатысуына байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін, алқабилердің құқықтық мәртебесін, тәуелсіздігінің кепілдіктерін, олардың қызметін қамтамасыз етудің құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайтын «Алқабилер туралы» Заң қабылданды.

 Осы заңның қабылдануымен халық яғни алқабилер сот жүйесіндегі әдiлдікті жүзеге асыруға қатыса бастады. Алқабилердің сот төрелiгiн жүзеге асыруға қатысуы қоғамды демократияландыруда ең маңызды элемент болып табылады және әдiлеттiлiкке азаматтарының сенiмiн жоғарылатылып, сот билiгі тармағының тәуелсiздiгi нығыздалып, азаматтардың әлеуметтiк белсендiлiгi және адам тағдыры қоғамдағы олардың жауапкершiлiгi жаңа деңгейге көтеруге шақырады. Алқабилер соты қылмыстық заңда көрсетілген өте ауыр қылмыстарды қарайды. Демек барлық аса ауыр қылмыстар БҚО қылмыстық iстер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қарауына жатады, алқабилердің қатысуымен қаралатын істер - бұл тек қана айрықша құзырет. Бірақ бұл барлық аса ауыр қылмыстар алқабилердің қатысуымен қаралады деген сөз емес. Бұл қылмыстық iс қаралып жатырған айыпкердiң өзінің ерiк бiлдiруiне байланысты оның ішінде ол өзінің ісін алқабилердің қатысуымен қарауға өтініш білдіруге құқылы. Қылмыстық сот iсiн алқабилердің қатысуымен жүргізу ең алдымен азаматтардың конституциялық құқықтарын толықтай іске асыруға мүмкіндік туғызады.    Алқабилер сотының ерекшелігі олардың сот төрелiгiн жүзеге асыруда жан-жақтылығы, объективтiгі және толықтығы.

«Алқабилер туралы» ҚР-сы Заңының 10 бабының талабына сай алқабиге кандидаттар тізімдеріне

1) алқабилер тізімдерін жасау кезінде 25 жасқа толмағандар,

2) өтелмеген не алынбаған соттылығы барлар,

3) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп таныған адамдар,

4) судьялар, прокурорлар, тергеушілер, адвокаттар, мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызметшілер, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлері,

5) наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғандар енгізілмейді.

Алқабиге кандидаттардың тізімдерінен:

1) қылмыстық іс бойынша сот ісі жүргізілетін тілді білмейтін адамдар,

2) өздерінің дене кемістігі немесе психикалық кемістігі салдарынан алқабидің міндеттерін атқаруға қабілетсіз адамдар,

3) жасы 65 жастан асқан адамдар,

4) діни қызметшілер өздерінің жазбаша өтініші бойынша алып тасталады.

Бұл институттың жетілмегендігі жөнінде қоғамда түрлі пікір айтылуда.

Біріншіден, алқабилер кәсіби заңгер емес. Шешім қабылдаған кезде олар «Жақсылық» пен «Зұлымдық», «Ар-ұят» пен «Әділдік» категорияларын басшылыққа алады. Ал құқықтық нормаларда бекітілген жалпыға бірдей міндетті ережелер қалыс қалып қойып жатады. Олардың заңды білмеуі және мағынасын түсінбеуі алқабилер алқасының тиісті түрде сот әділдігін жүзеге асыруын қиындатады.

Қылмыстық істі алқабилердің қатысуымен қараудың өзіндік ерекшеліктері бар және қылмыстық іс жүргізу заңында белгіленген нормалардан басқа, айыптаушы және қорғаушы тараптарға белгілі бір міндеттер жүктейді. Мысалы: алқабиге кандидаттар арасынан объективті шешім қабылдауға қабілетті тұлғаларды тани және таба білуі; алқабилердің сенімін оята білуі; сотта сұралатын адамдарға, нақты жауап реакциясын туындататын, анық, түсінікті және нақты сұрақ қоя білуі; сұрақтар алқабилерге түсінікті болуы керек; алқабилердің назарын өзіне аудара білуі және сендіре білуі. Прокурордың шешендік өнері (ораторское искусство) алқабилердің қатысуымен қылмыстық істі қарау барысында және сот жарыссөзінде - мемлекеттік айыптауды қолдаудың маңызды элементі болып табылады.

Ата-бабаларымыз негізін қалап кеткен, қазіргі кезде ұмытып қалған билер соты – дала демократиясының нағыз үлгісі болғаны, түрлі дау – дамайларды әділ шешіп, қара қылды қақ жарғандай етіп әділ билік айтуда теңдессіз болғанына таң қалмасқа шара жоқ. Ал қазіргі алқабилер туралы айтар болсақ, оның қарапайым халықты сот билігіне, сот төрелігін жүргізуге тарту мақсатында игі оймен қатар кемшіл тұстары да жетерлік. «Әділ бидің елін дау араламайды, әділ ханның ауылын жау араламайды» деген екен дана халқымыз. Әділдік жоқ жерде бәрі бекершілік. Әділетсіздіктің ең сорақысы заң жолымен жасалған әділетсіздік деп білемін. «Халыққа бай құт емес, би құт» деген екен Төле би және де ханда қырық адамның ақылы болса, биде қырық адамның ары мен білімі болады депті, осыларды терең зерделесек, ел жұрт алдында халық алдында судьяның орны да, қызметі де зор екенін анық байқаймыз.

 

Б.А.Тлеккабулова 

БҚО қылмыстық істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық

сотының жетекші маманы                                                 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

14 пікір

  1. аватар
    Christie 7 сентября 2024 14:30

    от курска до москвы, что такое сдэк доставка кредит кеширу
    онлайн 2023, тоқаев кредит кешіру 2022 бірөлшемді
    массив дегеніміз не, бір өлшемді массив терминін сипаттау аяқ қол
    неге мұздайды, аяқ неге сырқырайды

    Here is my blog post нашақорларды емдеу

  2. аватар
    Boyce 9 сентября 2024 00:55

    работа через центр занятости, енбек кз астана вакансии
    школа қара металлургия қазақстан,
    қара металлургия не жатады турецкая обувь бренды, купить фабричную турецкую
    обувь қашан афиныда демократия орнатылды, дүниежүзі тарихы
    5 қысқы шеш
    3 сынып

  3. аватар
    Ericka 20 сентября 2024 09:21

    намаз менің шашыраңқы санамды жинайды,
    тақсыр новый состав сената
    рк, депутаты сената рк гаж қолдану аясы,
    гаж дың негізгі қызметі этикалық аспектілер, этикалық әңгіме

    my blog; Lonely planet kazakhstan pdf download

  4. аватар
    Santiago 8 октября 2024 12:01

    дауысты дыбыстар жүйесі, дауысты
    дауыссыз дыбыстар түрлері жедел жәрдем кітап, жедел жәрдем категориялары
    әлім жоқ әке жылап отыр магазин белая техника микроволновая печь, белая техника
    адреса

    Feel free to surf to my web page орал қаласының табиғаты шығарма

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.