Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2019 жылындағы қызметі мет сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2019 жылындағы қызметі мет сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы

 

Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бастамасымен Экономикалық сотының жұмысына тікелей әсері бар келесі заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:

Біріншіден, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Заңына.

Атап айтқанда, жекелеген даусыз талаптар дауды сотқа дейін нотариустарда атқарушылық жазбасын алу жолымен реттеу белгіленген.

Егер бұрын аталған даулар соттың қарауына жатса, бүгінгі күні сотқа дейін реттеу тәртібімен нотариустардың қарауына берілген.

Екіншіден, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына.

Атап айтқанда, тапсырыс берушінің әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым жасау бойынша дауды сотқа дейінгі реттеу бөлігінде.

Егер, бұрын өнім беруші тапсырыс берушінің әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) дау айту үшін тікелей сотқа жүгінсе, бүгінгі таңда дауларды сотқа дейін реттеу тәртібімен өкілетті органға жүгінуге міндетті болып табылады.   

Сондай-ақ, бүгінгі таңда, келесі мән-жайлардың жиынтығы:

1) өнім берушінің тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды)  төлеуі;

2)  шарттық міндеттемелерді толық орындауы;

3) тапсырыс берушіге келтірілген залалдың болмауы;

тапсырыс беруші өздеріне өнім берушінің мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы мәлім болған күннен бастап күтізбелік отыз күннен кешіктірмей, сотқа осындай өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қойып жүгінуге міндеттемейді, яғни сотқа жүгінбеу құқығын береді.  

Аталған заң өзгерістері мен толықтыруларының сот тәжірибесінде қолданылуы статистикалық есептік көрсеткіштердің күрт өзгеруіне әкеп соқты. 

Мысалы, 2019 жылы келіп түскен арыздар саны 2683-ке, яғни 47,7%-ға азайса, сәйкесінше шығарылған шешімдердің саны 1829-ға, яғни 56,6%-ға, ал судьялардың әр айдағы жүктемесі 51 істен 26 іске азайған.

Есепті мерзімде барлық қаралған істердің ішінде:

- шарттық қатынастар санатында - 758 іс (2018 жылы 913 іс),

-  мемлекеттік сатып алу саласында – 1016 іс (2018 жылы 2095 іс),

- мемлекеттік органдардың әрекеттері мен шешімдерін дау айту санатында – 150 іс (2018 жылы – 111),

- жер даулары санатында – 61 (2018 жылы – 44 ) азаматтық іс басым қаралған.

 

Өз кезегінде, талап арыздарды қабылдаудан бас тарту саны 10, яғни 70%-ға, ал қайтару саны сәйкесінше 186, яғни 81,7%-ға көбейген.

 Талап арыздарды қабылдаудан бас тарту және кері қайтарылуына олардың соттың қарауына жатпауы, мемлекеттік баждың толық төленбеуі және сотқа дейінгі дауды реттеу тәртібі сақталмауы себеп болған. Осыған орай, аталған фактілерге жол бермеу және заңнамаларды тараптармен дұрыс қолданылуын түсіндіру мақсатында, экономикалық сотымен тұрақты түрде семинарлар, дөңгелек үстелдер және ашық есік күндері өткізілуде.

Сондай-ақ, қараусыз қалдырылған талап арыздар санының 171, яғни 67,8%-ға артуы да тараптармен жоғары да аталған сотқа дейінгі рәсімдерді орындамауымен және талап арызды қайтару туралы өтініштер санының өсуімен ерекшеленеді.

Судьялардың біліктілік деңгейін көтеру, сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жақсарту соттың негізді басымдылығының бірі болып табылады. Сондықтан,  азаматтық істерді қарау бойынша жоғарғы саты соттарының сот тәжірибесін және талдауларын тереңдетіп зерделеу және бірыңғай тәжірибені қалыптастыру мақсатында:

  • судьялардың мамандануы енгізілді;
  • тұрақты негізде барлық жойылған және өзгертілген сот актілері талданып, семинарларда талқыланады;
  • заңнамадағы барлық өзгерістер семинарлар мен дөңгелек үстелдерде зерделенеді,
  • сот практикасы қалыптаспаған жекелеген істер, соттың және облыстық соттың судьяларымен талқылауға салынады;
  • облыстық соттың оқу орталығының тапсырмасымен сот актілерінің бұзылуы мен өзгеруіне жол берген судьялар тиісті тақырыптарда рефераттар әзірлейді.

 «Мінсіз судья», «Үлгілі сот», «Әділ процесс», «Е-Сот», «Оңтайлы орта», «Сапалы нәтиже», «Сотсыз татуласу орталығы» секілді жеті топқа біріктірілген мақсатты басымдықтар мен оны іске асыру жұмыстары сот саласын дамытуға өз үлесін қосуда.

Атап айтқанда, «Татуласу: сотқа дейін, сотта» басымдық жобасы аясында, есепті мерзімде іс жүргізу тоқтатылған істердің жалпы санынан (439 іс), 266 іс (60,6%) татуластыру рәсімдерін қолдана отырып қаралды (оның ішінде, бітімгершілік келісімімен – 68 (15,5%) іс, партисипативтік келісіммен - 2 (0,5%) іс, медиациямен - 196 (44,6%)  іс).

Татуластыру рәсімдерін және медиация институтын одан әрі дамыту мақсатында экономикалық сотымен келесі іс-шаралар атқарылуда:

1) медиацияны қолдану мүмкін болатын барлық істер бойынша істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарыммен бірге, тараптарға медиация тәртібімен дауды реттеу туралы хабарлама жолданып, оларға кездесу және дауды медиация жолымен шешуді талқылау ұсынылады.

2) Сот өкімімен процессуалды әрекеттерді жүзеге асыру үшін судья-татуластырушы анықталған. Судья татуластырушы медиация қолдану мүмкін талап арыздарды қабылдағанға дейін бес жұмыс күні ішінде тараптар арасында татуластыру рәсімдерін қолдануға бағытталған тиісті іс-шаралар жүргізеді. Аталған рәсімнің сәтсіздігі жағдайында судья-татуластырушы арызды соттың кеңсесіне мәні бойынша қарау үшін қайта бөлуге береді.  Бүгінгі күні судья-татуластырушымен  12 - бітімгершілік келісім, 126 - медиативті келісім және 1- партисипативтік келісім жасалды.

3) медиацияны қолдану туралы жедел ақпарат беру және оң жақтары мен салдарын түсіндіру мақсатында телефон бойынша жедел желі және Facebook желісінде «БҚО Экономикалық сотының Медиациясы» парақшасы ашылып, азаматтар мен заңды тұлғалардан сұрақтар келіп түсіп, оларға тиісті түрде жауаптар берілуде.

4) Экономикалық соты, БҚО Кәсіпкерлер Палатасы және Медиаторлар Одағы бірлесе отырып, Өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Меморандум аясында татуластыру рәсімдерінің артықшылықтарын бизнес қауымдастығына түсіндіру мақсатында бірлескен жоспар жасалып, орындалуда.

5) Соттың ішкі жоспарына сәйкес, үнемі семинарлар, дөңгелек үстелдер, ашық есік күндері өткізіліп, жергілікті және республикалық басылымдарға мақалалар жарияланып, теледидарға және радиоға сұхбат беріліп, сондай-ақ, фронт офиста «қолжетімді  медиация» тақырыбында бейне ролик көрсетілуде.

Сонымен қатар, «Сапалы нәтиже» басымдық жобасы аясында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының «Сот шешімі туралы» нормативтік қаулысында көрсетілген құрылымдық, пішіндік және мазмұндық талаптарға сай келетін сот актілері қабылдануда.

Аталған басымдық жобаға сай, сот шешімі жарияланғаннан кейін судьямен қабылданған шешімнің мәні, уәждері және құқықтық салдары түсіндіріледі. Атап айтқанда, есепті кезеңде оңайлатылған (жазбаша) тәртіппен шығарылған шешімдерді қоспағанда, 1829 азаматтық іс шешім шығару арқылы қаралған, оның ішінде 1584 азаматтық іс бойынша, яғни 86,6%-да сот шешімін түсіндіру жүргізілсе, 245 азаматтық іс бойынша сот шешімін түсіндіру сот отырысына тараптардың қатыспауына байланысты жүргізілмеген.

Қабылданған шешімді түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде дауланған сот шешімдерінің саны азайған. Атап айтқанда, 2018 жылдың есепті кезеңінде             4048 шешімнің 504-і дауланса, аталған жылдың есепті мерзімінде 1829 шешімнің 269-ы дауланған.

Сондай-ақ, «Smart суд» жобасының шегінде мобильді бейне-конференцбайланыс қосымшалары арқылы сот отырыстарына қатысу жолымен сот төрелігіне кедергісіз және қолайлы қол жеткізу қамтамасыз етілген. Азаматтық істерді қашықтан қарау сот отырысын кейінге қалдыру санының азаюына алып келді, сондай-ақ сот мәртебесіне оң әсерін тигізді. Сотқа тікелей қатысуға мүмкіндігі болмаған тараптар, сот отырысына қатысуға және істі дұрыс, тез қарау үшін сотқа өзінің дәлелдерін ұсыну құқығына ие болады. Сонымен қатар, мобильдік бейне-конференц байланысын қолдану тараптардың уақыты мен қаражатын үнемдейді.

Осыған байланысты, іс жүргізуге қабылдау және сот талқылауына істі дайындау ұйғарымдарымен бірге сотпен, аталған бағдарламаны қолдану алгоритмін егжей-тегжейлі түсіндіре отырып, сот отырысына мобильдік бейнеконференц байланыс  арқылы қатысу мүмкіндігі туралы хабарламалар жолданады.

Барлық қол жетімді ақпарат көздерінде «Сот кабинеті» бағдарламасымен жұмыс және мобильдік бейне-конференц байланысты орнату және қолдану туралы сотпен түсірілген бейнеролик көрсетілуде.

Атқарылған жұмыстар нәтижесінде, 2019 жылы мобильдік бейне-конференц байланыс арқылы 135  іс, ал бейне-конференц байланыс арқылы 20 іс қаралған.

Сонымен бірге, «Үлгілі сот» басымдық жобасын іске асыру аясында, фронт-офис құрылды. Мұнда халықтың нақты сұраныстарына бағытымен сот төрелігінің тиімділігін арттыру бойынша барлық ұйымдастырушылық мәселелер игерілген. Фронт-офис халыққа қызмет көрсетудің заманауи стандарттары бойынша атқару техникасымен жабдықталған. Мұнда медиаторлар, адвокаттарға арналған бөлімше  жасақталған. Офистің көп бөлігін ашық кеңістік құрайды, оның іші «кедергісіз қағидат» бойынша көзге жайлы жасыл-ақ түстегі хай-тек стилінде безендірілген. Бұлайша рәсімдеу сот жұмысының ашықтығы мен қолжетімділігін іс жүзінде қамтамасыз ету мақсатын көздейді.

 

И.М.Сматов

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған

ауданаралық экономикалық сотының  төрағасы                                

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.