«Медиация – дауды шешудің ең жақсы тәсілі»

«Медиация – дауды шешудің ең жақсы тәсілі»

Қазақ  тарихында  дау – дамайды бітімгершілікпен бітіру кеңінен тараған. Төрелік айтқандардың сөзін тыңдап, Төле бидің шығарған бітіміне мойынсынып өскен ел болдық.  Бабаларымыз  «Алдыңа  келсе, атаңның  құнын  кеш»,  деумен  кез  келген  дауда  өзара  бітімге  келгеннің  анағұрлым  тиімді  екенін  меңзеген.

Қазіргі кезде басына іс түскен кейбір тараптар  малы төлкейде, басы төсекте қосылған бір – бірімен туыс, құда, жек – жат болып жатады. Бір қарағанда алғашында дауласқанымен, солардың көпшілігі істі сотқа жеткізбей өзара келісіп, шешетіні жиі орын алып жүр.

ҚР Жоғарғы Соты тарапынан бұл тұрғыда тың бастамалар көтеріліп, түрлі пилоттық жобалар жүргізілді. Атап айтқанда, “Дау-жанжалды сотқа дейін реттеу”, «Татуласу: сотқа дейін, сотта», т.б. пилоттық жобалар жүзеге асуда. Еліміздің барлық аумағында сотсыз татуласу орталықтары ашылды. Азаматтық процесстік кодекс нормасына сай, бүгінде медиацияға кәсіби немесе кәсіби емес медиаторлармен қатар судьялар да кеңінен араласа алады. Соттарда арнайы келістіруші судьялар қарастырылды. Мұның бәрі дауларды соттан тыс реттеу аясы кеңіп, бітімгершілік рәсімдерін қолдану тетіктері артқанының көрінісі. Ең тиімдісі медиацияда ұтқан не ұтылған жақ болмайды, азаматтардың араздықты өзара келісіммен бітіруіне барынша жағдай жасалады. Бітімгершілік рәсімдерінің басты мақсаты тараптар татулығын сақтап, сот жүктемесін төмендету.

Дау-жанжалды татуласу тәсілдерімен бітірудің тиімділігіне сотқа жүгінушілер көзі күн өткен сайын жетуде деуге толық негіз бар. Бұған медиациямен бітетін істер санының артуы дәлел. Орал қалалық №2 сотында 2019 жылы партисипативтік келісімімен 14 іс аяқталса, 909 іс медиация тәртібімен қаралған.  Әсіресе, медиация деңгейі отбасылық дауларда жоғары көрсеткішке ие. Неке-отбасылық қатынастар саласындағы даулар бойынша 374 іс медиация тәртібімен аяқталған.  245 отбасы медиация арқылы сақталып қалған.

Дауды өзара келісіммен бітірудің  ең алдымен тараптардың өздері үшін тиімді екенін сотқа дау-дамаймен жүгінгендердің көбісі сот отырысы барысында түсінеді. Туындаған  келіспеушілікті  бітіммен  шешу- халық, мемлекет  үшін де  пайдалы. Өмір  болған  соң, түрлі  келіспеушіліктердің, тағы  басқа  жағдайлардың  орын  алуы  әбден  мүмкін. Сондықтан,  азаматтарымыз  туындаған  дау-дамайларды  неғұрлым  тиімді  жолмен  шешуге  ұмтылғаны   абзал. Оның  бірден - бір  тәсілі - өзара  келісімге  келу, яғни  медиация.

Қазақ халқы үшін бітімгершілік – билік айтудың ең озық өнегесі. Қорыта келгенде, Қазақстан Республикасында «Медиация туралы» Заңның қабылдануы өркениет көшіне батыл бет түзеген біздің қоғамымызда оң өзгерістердің жүзеге асырылып жатқандығының айқын көрінісі екендігін айғақтайды.

 

Айдана Берікова 

Орал қаласының №2 сотының

бас маман сот мәжілісінің хатшысы :                                

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 3

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.