Сот шығындары талқыланған семинар
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының №2 сотында «Азаматтық істер бойынша сот шығындары» тақырыбында семинар-сабақ өтті.
Іс-шараға сот төрағасы Азамат Борамбаев, қалалық және оған теңестірілген соттардың судьялары бейне-дыбыстық байланыс арқылы қатысты.
Азаматтық істер бойынша сот шығындары туралы сот судьясы Гүлдана Суханова баяндама жасады.
Өз баяндамасында ол сот шығындарын дұрыс бөлу азаматтық іс жүргізуде маңызды рөл атқаратынын, себебі сот шығындарын анықтау әр азаматтық іс жүргізуде (оның ішінде азаматтық істі қозғау, істі қарау және дауды мәні бойынша шешім шығару сәтінде) және азаматтық істе қарастырылатынын атап өтті.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар арасында тақырып аясында пікір алмасу жүзеге асты.
О.Ташимова
Орал қаласының №2 соты
[xfvalue_img]
14 пікір