ЧАТТАН ШЫҚҚАН ШАТАҚ

ЧАТТАН ШЫҚҚАН ШАТАҚ

 

Бұрындары «отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге тарайды» дейтінбіз. Қазір осы мақалымыз «он саусақпен терілген сөз, он мың сан елге тарайды», «Чатқа жазған ашу сөзің, ащы таяқ жегізер», «Чаттағы шатақ сотқа жеткізер» деп  аз-маз заманауиланған. Иә, чаттағы әңгіме шатақ шығарып, сотқа дейін сүйреп тұрғаны рас.

Басқасын қайдам, қазір бір ғана Сайқын тұрғындарының арасында пәленбай чат бар. Әріптестердің, құрдастар мен балалары бір сыныпта оқитын ата-аналардың чаттарынан бастап, «Женская забота», «Сайхын шаруа», «Маркет-Сайхын», «Сайхын 24 сағат», «Сайқын-Орал»  және тағы басқалай түрлі мақсатта топтастырылған. Мақсат демекші әр көшенің тек қой бағу кезегін анықтап, өрістен қайтпай қалған қойды түгендейтін «Қой кезек» деген чаттарға дейін бар.   

Сондай чаттардың бірінде отбасылық кекілжің бұрқ ете қалды. Кекілжің болғанда анау-мынау емес, отанасы азаматының көңілдесі деп бір азаматшаға тап берген. Жай ғана сөзбен бас салмапты. Фотосына дейін жүктепті. «Кім қаймақ сатады?», «Дайын тұрған торт, басқа да пісіп тұрған тәттіңіз бар ма?», «Өлшемі сәйкес келмей қалды. «Ламодадан» алған 42 р кофтаны сатамын» деп беймарал, тым-тәуір әңгіме-дүкен құрып отырған сайқындық қыз-келіншектер гу ете қалды. Пысақайлары жалма-жан «Абысындар», «Әріптестер», «Сыныптастар» деген чаттағыларға осы ақпаратты «лақтырып», шұғыл «сауат ашып» жатты. Бақсақ, бұл әңгіме автор мен күйеуінің көңілдесі-мыс деген азаматшаның арасында екеуара диалог алаңынан басталған екен. «Жәлапсың» деуге дейін барып, «балаларымның көз жасына қал» деген қарғыспен аяқталған. Айыптаушының ақ-қарасын ажыратпай, шап берген азаматшасы отбасылы, елге жаман аты шықпаған бір әулеттің келіні екен. Чаттан шыққан шатақ ақыр аяғы екеуін сотқа дейін апарды. Айыптаушы өзінің артық кеткенін мойындап, кешірім сұрады. Медиаторлар ықпалымен іс сотқа жетпей, тоқтатылды. Айыптаушы ханымымыз оттың шыққан жері «Женская заботасына» шығып, жәбірленуші келіншектен, оның жұбайы мен отбасы мүшелерінен ашуға беріліп артық кеткенін айтып, кешірім сұрағанын, мәмілеге келгенін фотодәйекпен көрсетті. Чаттағылардан кешірім сұрады.

Сот демекші, 2019 жылғы статистикалық деректерге сүйенсек, аудандық сотта осы жала жабу, абыройына нұқсан келтіріп, беделін түсіретін жалған мәлімет тарату ісі бойынша 15 жекеше айыптау шағымы түсіп, қылмыстық іс қозғалды. Осы жекеше айыптау шағымдарының сегізі әйел адамға қатысты. Бұл істерге талдау жүргізіп қараған уақытта азаматтардың әлеуметтік желіні пайдалану сауаттылығының, ішкі мәдениетінің төмендігін көрсетеді. Жазды бітті, жарты әлемге тарап, жәбірленуші жақтың абыройына нұқсан келтіріп, моральдық тұрғыдан жапа шектіргеннен кейін «Ашумен жаздым. Осылай тарап кетеді деп ойлағаным жоқ», «Ашуланып отырып, жаза салғам, ушығып кетеді деп байыбына бармаппын» деп опық жеп қалып жатады.

  Қайын апа мен келін арасындағы қарым-қатынасты бұзған да осы телефондағы жазба. Қайын апамыз келінінің жазбасын әулеттің чатына емес, көпшілікке арналған чаттарға таратып жіберген. Әулет арасындағы әңгіме жұртқа аян болып, келіннің беті шиедей болды. Іс тағы да сотқа жетті. Бұл жолы да медиация тәртібімен тараптар ымыраға келіп, іс тоқтатылды.

Әйелдер жүрген жерде өсек, артық әңгіме, шектен шыққан эмоция жүреді ғой дерсіз. Күл астынан су жіберіп, чат арқылы бықсық әңгіме жазып қоятын азамат атына сай емес ағаларымыз да баршылық.

Шартты түрде Қорқаубай Ұлтанов деген тұрғынымыз аралас досының телефонына хабарлама жіберген. Хабарлама жазғанда хал сұрап, амандық білмепті. Әйелін жеңіл жүрісті жезөкшеге теңеп, балағат сөз жазған. Бір емес, бірнеше рет осылай деп жазба жіберген.  Айдың, Күннің аманында жеңіл жүрісті деп айыпталып, ашынған азаматша сотқа шағым жазған. Қорқаубайымыз айыбының орынсыз екенін, еш кінәсіз келіншекті жалған айтып, жұбайының алдында жеккөрінішті қылғаны үшін досы мен жәбірленушіден кешірім сұрап, айыбын толық мойындады.

Бұл аудандық сотта қаралған істің бір үзігі ғана. «Пәленшенің телефон нөмірі керек еді» деген хабарламаға «Ой, оны қайтесің? Ол пәленшең алжып отыр ғой» деп жеке көзқарасын жазатын азамат-азаматшалар баршылық. Сөз өзінікі. Бірақ сол сөзіне жауап бере ала ма? Аңдусызда айтылған бір сөздің опық жегізерін білгеніміз абзал. Сіздің бір ауыз сөзіңіз сол кісінің абыройына қаншалықты нұқсан келтірерін, моральдық тұрғыдан зардап шегерін түсінгеніңіз дұрыс.

 Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес адамды тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты нем есе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайды.

ҚР Конституциясының 18-бабына сәйкес: әркiмнiң жеке өмiрiне қол сұғылмауына, өзiнiң және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар.

Жала жабу дегеніміз басқа адамның ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер тарату, соның ішінде көпшілік алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып жасалған әрекеттер үшін ҚК-нің 130-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық көзделген.

Қорлау дегеніміз Басқа адамның ар-намысы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiту, көпшілік алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып жасалған дәл осы іс-әрекеттер  қорлау деп пайымдалады. Мұндай әрекетіңіз үшін ҚК-нің 131-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық көзделген.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 130, 131-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер жекеше айыптау істері болып есептеледі. Осы істер бойынша іс жүргізу жәбірленушінің сотқа адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы шағым беру арқылы қозғалады.

Сотта қаралған істердің барлығы да медиация тәртібімен тараптардың мәмілеге келуімен шешіліп, іс тоқтатылды.

Егер жәбірленуші тарап кешірім берілмеген жағдайда әлеуметтік желілердегі жазбалар филолог-сарапшы мамандардың талдауына ұсынылып, әр сөздің адамның абыройына келтірілген нұқсаны, қадір-қасиетіне келтірілген залалы өлшеніп, сараланып, мың-миллион теңгені құрайтын моральдық-материалдық шығын төленер еді.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні,  әрбіріміз әлеуметтік желідегі әдепсіз түрде айтылған сөзімізге жауапты екенімізді естен шығармаған жөн. Бір ауыз сөздің айықпас дерт жиярын, жаманатқа қиярын, әуреге саларын ұмытпайық.

 

Гүлжиһан САҒИТОВА,

Батыс Қазақстан облысы

Бөкей ордасы аудандық сот төрайымы.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.