Сот судьялары Жәңгір хат атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде түсіндіру жұмыстарымен
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласылық №2 сотының ұйымдастырумен медиация институтын дәріптеу, даудың соттан тыс шешілуінің ауқымын кеңейту, сотқа келіп түсетін арыз-шағымдардың санын азайту мақсатында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенттерімен және оқытушыларымен кездесу өтті. Түсіндіру жұмыстарына сот судьялары Шынар Шайдиева, Салтанат Курманбаева, сонымен қатар облыстық Татуластыру орталығының басшысы Алуа Рахишева, Қоғамдық медиатор Ұлбазар Нұрмаханова қатысты.Кездесуді аша отырып, оқу орнының тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ақылбек Сұлтанов тақырыптың маңыздылығына тоқталды.Сот судьясы Ш.Шайдиева, ҚР Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асановпен «естуші мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында биылғы жылды «Байланыс сапасы жылы» деп жарияланғанын, тұрғындардың сотқа деген сенімін арттыру басты мақсат болып қала беретінін атап өтті.Судья С.Курманбаева студент пен ЖОО арасындағы келісімшарттардың орындалуы бойынша баяндады.Облыстық Татуластыру орталығының басшысы А.Рахишеваның сөзінше, медиацияның нәтижесінде, негізсіз шағымдар саны азайып, тұрғындардың құқықтық сауаттылығы жоғарылайды.Іс шара соңында қатысушылар талқылау барысында туындаған сұрақтарына жауаптар алып, өзара пікір алмасты.
О.ТашимоваОрал қаласының №2 соты
[xfvalue_img]