«Сыбайлас жемқорлық мемлекетке  қауіпті құбылыс»

«Сыбайлас жемқорлық мемлекетке қауіпті құбылыс»

            Сыбайлас жемқорлық - мемлекеттің дамуын және  құрылымын, азаматтардың дүниетанымдық көзқарасын, тұтас экономиканы бұзатын негізгі қоғамның індеттерінің бірі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың ең негізгі және басты шарттарының бірі   профилактикалық жұмыстардың жоғарғы деңгейде атқарылуы.

Мемлекеттің қарыштап дамуының негізгі себептерінің бірі жемқорлықтың жойылуы. Осы бағыттарда сыбайлас жемқорлық бойынша туындаған мәселелер - бұқаралық ақпарат құралдарында, жария баяндамаларда жиі айтылып, қозғалып жатыр.      

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл осы бағыттағы жұмысқа талдау жасай отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және тұрақты жүйелі мониторингті ескере отырып, жоспарлы, жүйелі түрде жүзеге асырылады.

           Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар тиімділігін арттыру, соттарда кез келген сыбайлас жемқорлық көрінісіне  «нөлдік» төзімділік ахуалын жасау арқылы судьялар корпусының және сот жүйесі қызметкерлерінің барлық құрамын, сондай-ақ қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы  күреске тартуға көмектесу алға қойылған, оның алдын-алу және болдырмау мақсатында Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімімен тұрақты түрде жұмыс жүргізіледі.

            Бүгінгі күнге сот залдары толығымен аудио-видео жазбаларымен қамтамасыз етілген. Ақпараттық технологияларды сот отырысында қолдану судьялар мен азаматтардың іс-әрекетін тәртіпке келтіретіні маңызды орын алуда.

Соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға бағытталған барлық шаралар жүйесі сот жүйесінің ашықтығына, азаматтардың сенімінің артуына, сот мәртебесінің өсуіне әкелуі тиіс, және құқықтық, ұйымдастыру және өзге де тетіктерін әзірлеу және енгізу тиімді сот қызметінің қажетті элементтері болып табылады.

Заңның мүлтіксіз сақталуы биліктің барлық деңгейлерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шарты болып табылады. Сот жүйесінің айқындығы және ашықтығы қағидасында. Азаматтар және ұйымдар заң тұрғысында тыйым салынбаған кез келген тәсiлмен ақпаратты еркін алуға құқылы, ал соттар заңға сәйкес осы ақпаратты беруге міндетті. Соттардың жұмысы қоғамға түсінікті және қолайлы  болуы тиіс.

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мəселелердің бірі болып табылады.  Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық – сот жүйесінің алға жылжуын тежейді, бүкіл жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп əкелетін, сотқа деген сенімзідікті тудыратын, қатерлі дерт.

Мемлекеттік қызметшілердің білім деңгейін , әдептілік ұстанымын   жемқорлыққа деген төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру жұмысы жалғасуда, осындай күресті барлық мемлекеттің органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс.

Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі - осы дертпен күресу болып табылады. Бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұру үшін мынадай негізгі қағидаттар арқылы  қол жеткізе аламыз.

Соттардың жұмысы қоғамға түсінікті әрі қолжетімді болуы тиіс, қоғамның əр мүшесі сыбайлас жемқорлықты қоғамдық жəне əлеуметтік жамандық деп қабылдаған жағдайда ғана қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мəдениеті қалыптасады.

Сот жүйесі қызметкерінің ашықтығы, жұртшылықтың олардың қызметіне қол жеткізуі, соттардың қызметінің анықтығы, сондай-ақ кез келген деңгейде сыбайлас жемқорлық көріністеріне үзілді-кесілді ымырасыз болу сыбайлас жемқорлықтың алдын алу ісіндегі ең әсерлі шара болып табылады.     

Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ, со себептен баршамыз осымен күреске бір кісідей жұмылуымыз қажет дегім келеді.

 

Жуалы аудандық

сотының төрағасы

Бақытжан Мүлкібаев

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.