Сотпен борышкердің атқарушылық өндіріс бойынша құқығы қорғалды.
Теректі аудандық сотымен жеке сот орындаушысының көлік құралын басқару құқығын уақытша тоқтату және кәсіппен айналасу, сондай-ақ, лицензияны беру, рұқсат ету және арнайы құқықтарын уақытша тоқтату туралы ұсынысы қаралды.
Атқарушылық өндірісі бойынша борышкер басқа тұлғалармен бірлескен түрде ТОО «Н» атты заңды тұлға өндіріп алушыға 4.797.823 теңге берешек сомасын қайтаруға міндетті.
«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» ҚР Заңының 34 бабы 1 бөлігі 3 тармағына сай, сотқа міндетті түрде аталған ұсынысты жолдау болып, борышкермен дәлелді себеппен атқарушылық құжатты орындамау болып табылады.
Сотқа, сот актісінің орындалмауының дәлелді емес екені туралы тиісті мәліметтер ұсынылмады.
Керісінше, борышкермен өз уәждерін дәлелдеу мақсатында, берешек сомасын уақытылы төленгендігі жөнінде түбіртек көрсетілді, сонымен қатар, «E-GOV» порталынан зейнетақы қорына табыстар аударылмағандығы туралы анықтама ұсынылып, жұмыс жасамай жүргендігін растады.
Жоғарыда аталған негіздермен сот жеке сот орындаушысының ұсынысын қанағаттандырусыз қалдырды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Теректі аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Ә.Қ. Қарекенов
[xfvalue_img]
8 пікір