«Медиация туралы» Заңын орындау мақсатында аудан әкімінің атына және полиция бөліміне Теректі аудандық сотымен қылмыстық іс бойынша жеке қаулы шығарылды.
Іс материалдарына сай (ҚР ҚК-нің 188 бабы 1 бөлігі-24 бабы 3 бөлігі) М. есімді сотталушы жер үйдің шарбағынан алюминийден жасалған битонды үрлап, К. есімді жәбірленушіге 7000 теңге мөлшерінде шығын келтірген. Алюминийден жасалған битонды полиция қызметкерлері М-дан темірді қабылдау жеріне бара жатқан кезде ұстап, жәбірленушіге кері қайтарған.
Қылмыстық іс бойынша өндіріс сотпен медиация тәртібімен қысқартылды.
М-мен жасалған қылмыстың елеусіздігін ескере отыра, жәбірленушінің сотталушыға адал қарауын, шығын жоқ екенін, сот медиация рәсімі сотқа жеткізілмей де жасалуы керек деген тұжырымға келеді.
Жергілікті атқарушы органдар және полиция «Медиация туралы» ҚР За ның іске асырудағы тиісті шаралар қолданбауы, тараптардың теке-тірес ахуалын күшейтіп, сотқа қосымша жүктеме түсіріп отыр.
Жоғарыда аталғандардың негізінде, сот Теректі ауданының әкімі және полиция басшылығына Шаған ауылдық округінің әкімінің, сондай-ақ, аудан полиция бөлімінің тергеушісінің жұмыстарындағы анықталған кемшіліктерін назарларына жеткізді.
Жеке қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Теректі аудандық сотының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]