Заңтану факультетінің студенттері «ашық есік күні» аясында сотта
Азаматтардың құқықтық мәдениетінің деңгейін жоғарылату, сот жүйесіне деген сенімді жоғарылату мақсатында Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының №2 сотында «Сот жұмысының заманауи форматы» тақырыбында ашық есік күні өткізілді.
Бұл күні сотқа Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық университетінің заңтану факультетінің студенттері мен оқытушылары келді. Қонақтар соттың заманауи форматтағы жұмыстарымен, сондай-ақ электронды сервистарымен танысты.
Орал қаласының №2 сотының судьясы Альбина Абилкаримова сот төрелігінің жүктемесін оңтайландыру және заңнаманы одан әрі ізгілендіру бойынша өзгерістер туралы баяндады.
Кеңсе меңгерушісі Фазила Танатова оқушыларға сот жүйесіндегі өткізіліп жатқан реформаларға тоқталып, бейнебайланыс жүйесі мен «TrueConf» мобилді қосымшасының қолданылуымен таныстырды.
Қоңақтар «Отбасылық сот», «Татуласу: соттан тыс, сотта» деген бағдарламалар жұмыстарымен танысты.
«Ашық есік күні» сот жұмысымен және бұл салада болып жатқан өзгерістермен танысуға келгендер сот ұжымына ризашылықтарын білдірді.
Айнагуль Умралиева
Главный специалист канцелярии суда №2 г.Уральска
[xfvalue_img]
21 пікір