Заңнамаға енгізілген өзгерістер жаза қайтып, жауапкершілік артты
Бөкей ордасы аудандық сотының төрағасы Гүлжихан Сагитова аудандық «Орда жұлдызы» газетінің бас редакторы Ұлпан Әнуарқызының, кәсіпқой емес медиатор Исатай Беккалиев, аудандық құқық қорғау органдарының қатысуымен шара өткізілді.
Шарада сот төрелігінің сапасын күшейту қағидатын басшылыққа алған аудандық сот төрағасы 2019 жылы 39 қылмыстық, 111 азаматтық, 255 әкімшілік іс қаралғанын, 2018 жылмен салыстырғанда өндірістегі іс саны айтарлықтай азайғанына тоқталды. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2018 жылы 51 қылмыстық, 126 азаматтық іс қаралған. Отбасылық даудың да саны қысқарған. Өткен жылы 32 іс қаралып, 19 отбасы заңды түрде некесін бұзса, биыл 19 іс қозғалып, 16-сы қаралған, жетеуі медиаторлар көмегімен мәмілеге келген, тоғызы ажырасып тынғанын.
Ең көп қаралған іс өндіруге қатысты екен. Тарқатып айтқанда, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы және Ауыл шаруашылығын қолдау қорына қатысты даулар жиі қаралған. Жала жабу, қадір-қасиетін қорлау және бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстары көбейген. Медиация жолымен келісімге келіп, бітіммен аяқталған іс саны көңіл қуантады. Азаматтық істің 49,1%, қылмысттық істің 56,7%, әкімшілік істің 62%-ы тарапттардың татуласуымен шешілген. Шара барысында сот саласындғы заңнамаға енгізілген өзгерістер бойынша түсінік берілді.
Жазаның қатайып, жауапкершіліктің артқаны жақсы болды. Енді арақтан ықылық атып тұрса да, рульге отыратындар, біреудің малын ұрлап, екіншісінің малымен орнын толтырып, алшаң басып жүргендерге тұсау болмақ. Енді осы өзгерістерді халыққа түсінікті етіп жеткізе білуіміз керек, - деді доғарыстағы полиция полковнигі, кәсіпқой емес медиатор Исатай Бекқалиев.
Зияш Зайнуллина
Бөкей ордасы аудандық сотының
Кеңсе меңгерушісі
[xfvalue_img]
25 пікір