Ювеналды соттың татуластыру рәсімдерін қолдану нәтижелері
БҚО кәмелете толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2019 жылдың 12 айында « Отбасылық сот» жобасы аясында 74 азаматтық іс тараптардың татуласуымен аяқталды, қысқартылған істер бойынша «Отбасылық сот» жобасымен қаралған жалпы істер санының 66 пайызын құрайды. Аталған істер бойынша татуластыру рәсімін қолданудың тиімділігі, бұл соттардың неке және отбасы қатынастарынан туындаған, бала тәрбиесіне қатысты даулар бойынша тараптардың татуласуына психолог пен медиаторларды қатыстырудың септігі зор.
Есептік кезең көрсткішінде 42 қылмыстық, 410 азаматтық және 253 әкімшілік істер қаралды.
Қылмыстық істер бойынша 4 кәмелет жасқа толмаған жас өспірімге қатысты 5 қылмыстық іс тараптардың келісімге келуімен қысқартылды және прокуратура, тергеу, полиция қызметкерлерінің атына 10 жеке қаулы шығарылды.
Сот төрелігінің жұмысы бойынша күші жойылған және өзгертілген сот актілері болмады.
Алдағы 2020 жылы әрі қарай азаматтық, қылмыстық істер бойынша татуластыру жұмыстарын көбейту үшін жұмыстар жасалатындығын және басты назарда болатындығын атап өтті.
БҚО кәмелете толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты
[xfvalue_img]