«Билер Одағының» қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді

«Билер Одағының» қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді

БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сотқа дейін татуласу» тақырыбындағы дөңгелек үстел «БҚО Билер одағының» төрағасы А.Атаев, «Билер кеңесінің» хатшысы әрі мүшесі К.Мұканов , Г.Ерназар, «Қоғамдық келісім» ММ-нің қоғамдық медиаторы Ұ.Нурмаханова,психолог  және БҚО адвокаттар алқасының өкілдері Б.Қырықбаевтың, Г.Жапашеваның қатысуларымен өтті.

Сот төраймы С.Кадралиева сөз сөйлеп, дөңгелек үстелді өз сөзімен ашты. Өз сөзінде «Билер Одағының» қызметі  дауларды шешу,шиеленістерді азайту үшін ықпал ететінін атап өтті. Билер Одағының мақсаты татуластыру рәсімдерін әділ, ашық, шынайы шешу болып табылады.

Сот ісіндегі бітімгершілік процедуралы туралы баяндамасымен сот психологі  С.Жапакова сөз сөйледі. Бітімгершілік дауларын шешу кезінде әрбір ата-ана өз ойын білдіреді,міндетті түрде баланың да ойы тыңдалады және келісім жасау  кезінде  барлығы тараптардың келісуімен жасалады. Келісім жасау тараптардың өз ойын, қалауын ашық айтуға,жеткізуге және психологиялық көмек алуға үлкен әсерін әрі көмегін тигізеді.

Сонымен қатар медиациялық келісім жасау кезінде баланың жасы, психологиялық даму өрісі және ерекшеліктері ескеріледі.

2019 жылдың 11 айында БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 70 азаматтық іс бойынша медиативтік келісім бекітілген.Оның ішінде әкелікті анықтау және алимент өндіру- 2, алимент мөлшерін өзгерту – 28, балалардың тұрғылықты жерін анықтау – 26, баламен кездесу тәртібін анықтау - 14 азаматтық іс бойынша бітімгершілік келісімдері жасалған.

БҚО « Билер кеңесінің төрағасы» Асқар Атаев 2019 жылдың 11 айындағы  «Билер  одағының» атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.

«Билер одағының» хатшысы Калиолла Муканов дауларды сотқа дейінгі реттеудің артықшылықтары туралы баяндады. Қоғамдық медиатор Ұлбазар Нұрмаханова қатысушыларды жиі қаралатын санаттағы істермен таныстырды.

Талқылау соңында бірқатар ұсыныстар жасалып, «Билер одағының»  қатысу саласын кеңейтіп, дауларды шешу мәселелерінеде көбірек қатыстыру туралы ойлар айтылды.

Сонымен қатар, жас әйелдерге көмек көрсету мақсатында «Әжелер одағын» құру  және сот процесіне қатысушы тараптармен «Билер одағының»  қатынас орнату мақсатында арнайы кесте құру туралы да ұсыныстар ұсынылды.

 

 

 БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі

 мамандандырылған ауданаралық соты

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.