Мемлекеттік органдардың өкілдеріне арналған пресс тур.
Жуалы аудандық сотында сот өндірісінде қолданылатын ақпараттық қызметтердің және сот жұмысының заманауи форматтарының тұсаукесері бойынша пресс-тур өтті.
Пресс-турға соттың кеңсе меңгерушісі Д.Е.Байназаров, прокурор С.Баубеков, аға сот орындаушы А.Заурбеков, адвокат Н.Алагөз және тілші А.Сәрсен қатысты.
Кездесу барысында Д.Е.Байназаров сот жүйесіндегі жаңа электрондық технологияларды ұсынып қонақтарға Фемида жұмысшыларының күнделікті жұмысы туралы ақпарат беріп «Төрелік», «Сот кабинеті» және «TrueСonf» мобильді қосымша қызметтерімен таныстырды.
Сонымен қатар, соттың фронт-офис жаңашылдығымен таныстырды, кез келген азамат ақпараттық орталықта орналасқан қолжетімді технологиялық құралдармен қолдана алады. Қонақтарға медиатор кабинеті, адвокат кеңселері көрсетіліп, үлгі өтініштері бар өзіне-өзі қызмет көрсету аймағын көрсетті.
Д.Е.Байназаров өз сөзінде, азаматтарға қолайлы жағдайда жоғары сапалы сервистік қызметпен толығымен қамтамасыз ететін, сот процесстеріне қатысушыларға барынша көңіл бөлінуге мүмкіндік беретін республика соттарында құрылып жатқан фронт офистер сот жұмысын оңтайлы ұйымдастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Жамбыл облысы Жуалы аудандық сотының
баспасөз қызметі
[xfvalue_img]