Сотпен түсіндіру шарасы өтті
Орал қаласының №2 сотының ұйымдастырумен даудың соттан тыс шешілуінің ауқымын кеңейту, медиация институтын дәріптеу мақсатында Облыстық жұқпалы аурулар аураханасында еңбек заңнамасын сақтауға бағытталған іс-шара өтті. Түсіндіру жұмыстарына сот судьясы Марина Сахипова, сондай-ақ Еңбек инспекциясының мемлекеттік инспекторы Мұрат Айдаров және облыстың кәсіподақ орталығының өкілі Зина Төлеуғалиева қатысты.Судья М.Сахипова ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2019 жылдың 02 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауына, ҚР Жоғарғы Сотымен жүзеге асырылып отырған «Татуластыру: сотқа дейін, сотта», сонымен қатар еңбек ұжымдарындағы қақтығыстарды қысқартуға бағытталған «Еңбек дауларын және жария-құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды алдын алу» пилоттық жобаларының жүзеге асуы туралы баяндады. Сонымен қатар спикер пилоттық жобаның мақсаты жеке даудың қаралуы және шешілуі соттан тыс және сотқа дейінгі тәртіпте кәсіподақ өкілдерінің қатысуымен келісу комиссиясы тарапынан жүргізілетінін атап өтті, қатысушылардың көкейтесті сауалдарына жауап берді.Кездесудің қорытындысы бойынша қатысушылар спикерлерге алғыстарын білдірді және аталмыш шаралардың маңыздылығын атап өтіп.
О.ТашимоваОрал қаласының №2 сотының БАҚ-пен жұмысқа жауапты маманы
[xfvalue_img]