Мемлекет Басшысының Жолдауын жүзеге асыру жолдары талқыланды
Әйтеке би аудандық сотында Мемлекет Басшысының Жолдауын жүзеге асыру жолдары талқыланды.
Семинарға аудандық соттың төрағасы, аудан прокуроры, Әйтеке би АПБ-нің өкілдері, кәсіби емес медиатор және адвокат қатысты.
Ж.Аятов өз сөзінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауының екінші бөлігінде азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөліп, жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық және басқа да ауыр қылмыстарға, әсіресе, балаларға қатысты қылмыстарға қолданылатын жазаны шұғыл түрде қатайту қажеттігін атап, осы негізгі мәселелердің бірі екенін, Жолдаудың орындалуын жүзеге асыруға жұмыла кірісу қажеттігін айтты.
Еліміздегі цифрландыру жобасы бойынша электрондық сот төрелігінің жағдайына тоқталып, мемлекеттік тіл - қазақ тілінің қолдану аясын арттыру қажеттігін, халыққа еңбек, отбасылық, қарыз және басқа да даулар мен жанжалдарды татуластыру рәсімімен реттеуге болатыны туралы түсіндірме жұмыстар жүргізіліп, көмек көрсету туралы атап өтті.
Семинар соңында сот төрағасы Жолдауда қойылған міндеттерді сапалы және тиімді орындау қажеттілігін белгіледі.
[xfvalue_img]