Ұлтымыздың болашағы мен тіліміздің тағдыры бөлінбейтін егіз ұғым
Қазіргі уақытта республика көлемінде мемлекеттік тіл саясатын дамыту мәселесіне зор көңіл бөлініп отырғаны белгілі. Елбасы өзінің жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында мемлекеттік тіл саятсатына, оның ішінде мемлекеттік тілге қатысты өзекті мәселелерді жиі көтеріп келеді.
«Тәрбие басы- тіл» деп Махмұд Қашқари бекер айтпаса керек. Кез- келген қазақ топырағынан өсіп- өнген әрбір азаматтың перзенттік парызы тілге деген құрметтен басталуы керек. Тілді білу, меңгеру отбасынан, балабақша мен мектептен бастау алуы қажет. Тілмен бірге дұрыс тәрбие қатар берілуі тиіс.Әл-Фараби бабамыз, сонау заманда- ақ «Балаға ең бірінші тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім- келешек оның өміріне опат әкеледі» деп айтып кеткен екен. Тіл барлық кезеңде ұлттық идеяның басты діңгегі мен мемлекеттік иделогияның негізгі іргетасы саналады. Тіл арқылы тілдесе де, бірлесе де аламыз.
Бойында қазақтың қаны бар әр адамды Отанға деген сүйіспеншілік, өз ұлтына, дініне, тіліне деген мақтаныш сезімі рухтандыруы керек.
Мемлекеттік тіл үшін жасалған әрбір қадам-ел бірлігінің күшейтуге бағытталған қадам.
Бір қуантатыны басқа ұлт өкілдерінің арасында мемлекеттік тілді жан- тәнімен үйренушілер де және жауапкершілікпен қарайтын да жандардың көбеюі. Міне, сондықтан мемлекеттік тіл- қазақ тілі қоғамдағы өзінің лайықты орнын алатынына сенімім мол.
Астана қ. Алматы аудандық сотының
бас маманы
Саутбаева Г.А.
[xfvalue_img]