«Медиация кеңінен қолдануда»

«Медиация кеңінен қолдануда»

Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы 2011 жылдың 28 қаңтарында қабылданып, Қазақстан Республикасында медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеп, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ медиатордың мәртебесін айқындайды.

 

Медиацияның мақсаты екі жақты ортақ мәмілеге келтіру. Бір жақ өз кінәсін мойындап, екінші жақ оған өзінің кешіргендігін айтып, екі жақ та ризашылықпен тарасады. Талапкердің талап арыздан бас тартып, жауапкердің медиация арқылы екі жақтың келісімге келуіне байланысты арызы сот хаттамасына жазылып, іске тігіледі.

 Судья тараптарға алдағы уақытта олардың сотқа, осы мәселе туралы дау бойынша және осы негіздермен қайтадан жүгінуге жол берілмейтінін ескертіп, түсіндіреді. Медиация жүргізуге байланысты тараптардан арыз түскенде ол аяқталғанша судья 30 күнтізбелік мерзімге істі тоқтатады. Содан кейін тәртіп бойынша судья екі жақтың келісімге келуі жөнінде анықтама шығарады. Медиация барысында медиатор екі жаққа да медиацияның рөлі және оның құқықтық әсерлері жөнінде  толық мәлімет беру қажет. Бұл ретте екі жақтыңда құқығы бірдей екенін және олардың бір- біріне сыйластықпен қарау керектігін түсіндірген жөн. Медиация бірнеше қадамнан құралады. Басталар алдында медиатор оған дайындық жүргізеді. Тараптарды тыңдап, даудың «басын» шешіп, екі жақтың позициясы жөнінде мәлімет жинайды. Барлық құжаттардың көшірмесін алып, медиатор даудың «тарихын» сызады. Медиацияның бірінші қадамында медиатор тараптардың әрқайсысынан даудың «тарихын» тыңдап, қандай сұрақтарды талқылау қажеттігін шешеді. Бұл ретте медиатор нақты тыңдау және рефрейминг (қайталап сұрап, конструктивті мағынасын табу) шараларын қолданады. Екінші қадамда медиатор екі жақтың талабын тыңдап, ол талаптың қайсысы болашақта тараптарды біріктіретінін жобалайды. Бұл кезде медиатор нейтралитет сақтауы қажет. Үшінші қадам кезінде медиатор тараптарға даудың түрлі шешімдерін ұсынады. Бұл шешімдер бірнеше және олар альтернативті болуы қажет. Қорытындыға келгенде екі жақ та шешімге өз еркімен келгеніне көзі жету керек. Төртінші қадамда  медиация шешімі дайындалады. Тараптардың қатысуымен медиатор болашақ шешімнің талаптарын оқып береді және оның әр бабын талқылайды. Медиацияның бесінші қадамында медиация шешіміне екі жақ қол қояды. Медияциялық шешім олардың қайсысының да көңілінен шығу керек. Осы орайда медиаторға жүктелетін міндет өте ауыр десе болады. Медиатор шын мәнінде адамдармен тіл табыса алатын психолог, әрі сабырлы, байыпты жан және шешен сөйлеп, мәселенің мәнін тараптарға жеткізе білуі тиіс.

Қорытындылап келгенде, медиацияның біздің елімізде болашағы бар екені анық. Оны бірдеңгейде қолдасақ, медиация халқымызға игі әсерін тигізеді. Еліміздің тыныштық пен бейбітшілікте, татуластық пен бітімгершілікте өмір сүруге ықпал ететіні сөзсіз.  Қазіргі таңда, сот ғимаратының күту залдарында медияцияны жарнамалаған банерлер орнатылып, ол жерде сотқа келушілерге жеткілікті ақпарат көрсетілген.

Бүгінгі таңда медияцияның қолдану аясы кеңейе түсуде, осының бір дәлелі «Татуласу-сотқа дейін және сотта» бағдарламасы шеңберінде республикамыздың кейбір аумақтарында «Студенттік медияция» меморандумы жасақталып, өз жұмысын бастауда.    

 

 

  БҚО қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

бас маманы А.К. Ахонова        

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.